Түркияның 486 көгілдір байрақты жағажайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 27

1444940
Түркияның 486 көгілдір байрақты жағажайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның 486 көгілдір байрақты жағажайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Көгілдір байрақ жағажай және мариналарға берілген халықаралық бір қоршаған орта сыйлығы болып қабылданады.

Бұл сыйлық тек қана жағажайлар үшін емес, сондай-ақ мариналар мен яхталарға да беріледі. Көгілдір байрақ жағажай мен мариналарда қоршаған ортаны басқарудың маңызына назар аударып, қоршаған орта түсінігін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың жасалғанын, теңіз суының тазалығын, жағажай немесе маринаны қолданушылардың қажеттілігін қамтамасыз ететін жабдықтау мен қауіпсіздікке ие екенін көрсетуде.

Данияның бас қаласы Копенгагендегі Халықаралық Қоршаған орта ғылым қорының 2020 жылы көгілдір байрақ берілетін жағажайлар туралы бағалау қорытындысына қарағанда Түркия – Испания және Грекияның артынан әлемнің ең көп көгілдір байрақты үшінші мемлекеті… Түркияда биыл сыйлық алған жағажай саны 486-ға жетіп, 22 марина мен 7 яхтаға Көгілдір байрақ сыйлығы берілді. Түркияның көгілдір байрақ алған жағажай мен мариналары арасында биыл Анталия, Муғла, Айдын, Измир, Балыкесир, Стамбул, Самсун, Чанаккале, Кыркларели, Коджаели, Дүздже, Орду, Мерсин және Ван қалалары да бар



Ұқсас жаңалықтар