Түрік байрағының «Әлемнің ең әдемі байрақ» болып сайланғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 26

1440412
Түрік байрағының «Әлемнің ең әдемі байрақ» болып сайланғанын білетін бе едіңіз?

Испаниядағы көп тиражды бір газет жүргізген «Әлемнің ең әдемі байрағы» тақырыпты сауалнамасында түрік байрағының ең көп дауысты жинағанын білетін бе едіңіз?

Сәуір айында Испанияның жоғары тиражды спорт газеттерінің бірі жүргізген сауалнамада «Әлемдегі ең әдемі байрақ қайсысы?» деген сұрақ қойылды. Түрік байрағы 49 мың 100 дауыс жинап бірінші орын алды. Саулнамада 18 мың 800 дауыс жинаған Испания екінші, 6 мың 700 дауыспен АҚШ байрағы үшінші орын алды.

Түрік байрағы бүгінгі ең жақын пішінінде алғаш рет XVIII ғасырда қолданылған. Сол дәуірде байрақтағы 8 бұрышты жұлдыздың «жеңістің символы» және Османлы мемлекетінің жеңістерге толы тарихына арнап, қолданылғаны айтылуда. 1844 жылы қабылданған бір шешіммен түрік байрағындағы 8 бұрышты жұлдыз «адамның символы» деп болжалған 5 бұрышты жұлдызбен өзгертілді.

Кейбіреулер түрік байрағындағы жарты айды ислам дінінің көрсеткіші десе, екінші біреулер бұрынғы түрік нанымында Көк теңіріге сенудің символы деп атайды. Жұлдыздың болса тәуелсіздіктің символы екені аталады. Барлық бұл мағыналары былай тұрсын, түрік байрағы Түркия шекараларында өмір сүрген әртүрлі наным мен этникалық текті миллиондаған адамды құшақтайды.



Ұқсас жаңалықтар