Чанаккале қаласы

Түркияда туризм 26

1224972
Чанаккале қаласы

Чанаккале Түркияның солтүстік батысында орын алған және Еуропа мен Азия құрлықтарын бір-бірінен айырған Дарданел бұғаздың екі жағалауында құрылған бір қала… Анадолы мен Фракия аймақтарының тоғысқан жерінде орын алады. Тұрығы тұрғысынан өте бай бір тарихқа ие.

Чанаккаге б.з.б. 3000 жылдарынан бастап қоныс аудару басталған деседі.

Чанаккале бұғазы Анадолы мен Еуропа және Жерорта теңізі мен Қаратеңізді байланыстырған аймақтың бірі. Осы жағдай тарих бойынша әртүрлі көштер мен шабуылдарға жол ашқан.

Әртүрлі уақыттарда қоныстану немесе талан-тараж ету мақсатты аймаққа келушілер болған және екі жағдайда да мәдени қарым-қатынастар тығыздалған. Осы мәдени қарым-қатынастар ғасырлар бойынша әртүрлі кезеңдер де жалғасқан. Мұның нәтижесінде көп тұсты мәдениет мозаикасы ортаға шыққан.

Бұғаздың ең тар жерінде Фатих Сұлтан Мехмет дәуірінде Еуропа жағалауында Килитбахир, Анадолы жағалауында болса Сұлтанийе немесе «Чанаккале» деп аталған қорғандар салынған. Қаланың атауы да Анадолы жағалауындағы Чанаккале қорғанынан келеді...

Б.з.б. 1200 жылға дейін қалада Троя халқы өмір сүрген. Троя соғысы арқылы Акалар және Эгей көштерімен әртүрлі тайпалар осы жерде қоныстанған. Кейін Анадолыда жазбаша тарих түнекте қалған бір кезең өткен. Артынан аймақ кезегімен Лидия корольдігі, Парсы билігі, Македония корольдігі, Рим мен Византия империяларының билігіне кіреді. Аймақ Османлы мемлекетінің күшеюімен түрік топырағына қосылды.

Чанаккале сондай-ақ тарихтағы ең қиян-кескі соғыстардың бірімен еске алынуда.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Дарданел бұғазынан өтіп, алдымен Стамбулды кейін Қаратеңіз жағалауларын басып алғысы келген ағылшын мен француз күштері бұғазды қоршап алды. Түрік армиясы азаттық күрес жүргізген аймақты қанымен қорғап, бұғаздан өткел бермеді. Құрлық пен теңізден жасалған шабуылдар табысты түрде тойтарылды және түрік армиясы тарихқа таңба қалдырған Чанаккале жеңісіне қол жеткізді.

Қалада орналасқан және Бірінші дүниежүзілік соғыстың ең қанды шайқасы болып өткен «Галлиполи түбегі ұлттық паркі» ашық аспан соғыс мұражайы іспеттес.  Елін, жерін батырлықпен қорғаған түрік армиясының он мыңдаған шәйіті үшін салынған монументалды шәйіттіктер бар.

Сондай-ақ басқыншы күштер яғни ағылшын, француз, Австралия және Жаңа Зеландия әскерлері үшін салынған ескерткіштер де назар аударады.

Чанаккале соғысының іздерін жақыннан көргіңіз келсе, Анзак жағалауы, Килитбахир қорғаны, Намазгах бекінісі, Джонкбайыры, Жалғыз Чам (Қарағаш ағаш) ескерткіші, 57-ші полк шәйіттігі, Седдүлбахир қорғаны мен шәйіттер ескерткішін аралаңыздар. Соғыстың қайғысы мен ауыртпалығын Галлиполи түбегінде толығымен сезесіз.

Анзак күштері құрлыққа шыққан және өте көп әскер шығынына ұшыраған Анзак жағалауы жыл сайын 25 сәуір күні еске алу рәсіміне қонақжайлық жасайды. Бір-бірімен соғысқан ата-бабалардың ұрпақтары еске алу іс-шаралары аясында бірдей сезіммен бас қосып, ортақ қайғыны бөліседі.

Осы арнайы тарихи кезеңге орай Галлиполи түбегі ұлттық паркі келуші саны тұрғысынан әлемнің ұлттық парктері арасында таңдаулы орындардың басында келеді.

Чанаккалеге баратын болсаңыз, Галлиполи түбегіндегі шәйіттіктерге қоса ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне кірген Троя археологиялық алаңын аралауды ұсынамыз.

Ассостағы Афины ғибадатханасы, тарихта сұлулық байқауы алғаш өткен Казтауы, Гөкчеада мен Бозджаада керемет табиғи сұлулығымен сіздерді күтуде...



Ұқсас жаңалықтар