Түрік Кеңесі вирустан сақтануда мықты жұмыстануда

Еуразия күн тәртібі – 25

1439531
Түрік Кеңесі вирустан сақтануда мықты жұмыстануда

Бүгінгі бағдарламамызда Түрік Кеңесі шаңырағы астындағы денсаулық сақтау саласында жасалған жұмыстарға тоқталамыз.

Құрметті тыңдармандар. Түрік Кеңесіне мүше елдерде коронавирус (COVİD-19) індетін жұқтырған жалпы адам саны 200 мыңнан асты және күн сайын артып келеді. Сол себепті мүше елдер денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарын күшейтуге талпыныс көрсетіп жатыр.

2020 жылы 28 сәуірде Түрік Кеңесінің Денсаулық сақтау министрлері видео конференция ұйымдастырды. Жиналыста Түрік Кеңесі Денсаулық сақтау координация комитетін құруға шешім қабылданды. 2020 жылы 8 маусымда Түрік Кеңесі Денсаулық сақтау координация комитеті тұңғыш видео конференциясын өткізді. Жиналысқа Түрік Кеңесіне мүше және бақылаушы елдердің Денсаулық сақтау министрлерінің орынбасарлары қатысты. Видео конференцияда тараптар коронавирус індетін тосу, диагноз қою және емдеу тақырыптарында мәлімет алмастырды, ортақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағаландырды. Тараптар маңызды медицина мамандарының қатысуымен интернет арқылы білім беру, әлеуетті арттыру бағдарламаларын дайындау, халықаралық ғылыми-тәжірибелік видео конференцияларын ұйымдасыру тақырыптарында келісімге келді. Түркі әлемі денсаулық сақтау қызметкерлері Измирдегі Карантин аралында ортақ бағдарламалар тізбегінің алғашқысын ұйымдастырмақ. Коронавирус індетімен күресте ортақ мәлімет жинау және эпидемияны бақылау жүйесін қалыптастыру тақырыбында да келісім жасалды. Сонымен бірге «Қамдау дәлізі тобы» әрбір елден 10 ғалым қатысатын «Денсаулық сақтау Ғалымдары тобын» құруға шешім қабылдады. Алдағы кезеңде Түрік Кеңесі аясында Денсаулық сақтау жұмыс форумы ұйымдастырылады.

Түрік Кеңесіне мүше елдердің ортақ коронавирус вакцина жұмысына Түркияның бастамашы болуы жиналыста жасалған орынды шешім болды. Пандемия процесін табысты жүргізіп жатқан Түркия коронавирус вакцинасын жасау тақырыбында да жұмыстанып жатыр.

Түркияның Бішкекте салған толық жабдықталған емханасы пандемиямен күрес аясында науқастарды емдей бастады. Түркияның басқа да Түркі Республикаларына медициналық жәрдемдері жалғасуда.

Пандемия кезеңінде алғашқы кезектен тыс саммитке Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас хатшысын шақырған Түрік Кеңесі Түркі әлемінде басылуға тиісті қадамдарға жетекшілік етуді жалғастырады. Жаңа тіркеулер көбейді, екінші, үшінші толқын мүмкіндігінен сөз қозғалуда және вакцина әлі табылмады. Сондықтан Түркі әлемінің басты ұйымы Түрік Кеңесінің денсаулық сақтау саласындағы тың жұмыстары пандемия процесінің ойдағыдай басқарылуына үлкен есе қосады. Ұйым көлемінде құрылған Денсаулық сақтау Ғылыми кеңесі және Коронавирусты ортақ бақылау жүйесі пандемиямен күресте маңызды рол атқарады.

COVİD-19 індетінің қысқа уақытта жойылмауы денсаулық сақтау туризмін қамтыған барлық саланың жұмыстануын қажет етеді. Осы процесте елдер арасындағы қарым-қатынастарды бекемдеу, адамдардың өмір сүру мүмкіндігін жеңілдету, жәрдемдесуді басты орынға қою өте маңызды болып табылады.

Коронавируспен бірге батыстағы кейбір елдердің денсаулық сақтау жүйелерінің құлдырауы денсаулық сақтау жүйесін елдің бақылауы және қорғауға алуы керектігін көрсетті. Түркі Республикалары бұдан сабақ алып, Түркияның басшылығында кемелді ортақ денсаулық сақтау желісін құруына болады. Денсаулық сақтау саласындағы ортақ жұмыстар «Түрік болашағы-2040» жобасының Денсаулық сақтау бағдарламаларына мықты негіз қалайды.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар