Футболдан алғаш қызыл карточканы түрік төрешісінің көрсеткенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 24

1431102
Футболдан алғаш қызыл карточканы түрік төрешісінің көрсеткенін білетін бе едіңіз?

Футболдан Әлем Кубогы (ФИФА әлем чемпионаты) матчтарында алғаш рет бір түрік төрешісінің қызыл карточка көрсеткенін білетін бе едіңіз?

ФИФА әлем чемпионаты ақтық сайысына төрешілік жасаған алғаш түрік Доған Бабаджан болып табылады. Төрешілікке 1955 жылы бастаған Бабаджан 1974 жылы Мюнхен Олимпиада ойындары мен 1974 ФИФА Әлем кубогында міндет атқарды. ФИФА Әлем кубогы тарихында қызыл карточка алғаш рет 1970 жылы ФИФА Әлем кубогы кезінде ережеге енді. Сол жылы төрешілер қызыл карточка қолданбады.

1974 жылы Әлем чемпионаты ақтық сайысында алғаш рет батыс Германия-Чили матчында қызыл карточка көрсетілді. Доған Бабаджан ФИФА тарихында алғашқы чилилік ойыншы Карлос Умберто Кассели Гарридо алған алғашқы қызыл карточканы көрсеткен төреші болды. Бұл матчта Бабаджанның қасында екінші төреші ретінде ағылшын Жак Тайлор қызмет атқарған болатын.

Бабаджан 1975 жылы УЕФА Супер кубогын, 1974 және 1977 жылдары Чемпион клубтар кубогы жартылай финал матчтарын, 1978 жылы УЕФА кубогы жартылай финалында төрешілік қызметін атқарды. ФИФА кокардасын 10 жыл бойынша қолданды. Бабаджан 1978 жылы төрешілікті тастады.



Ұқсас жаңалықтар