Еуразия Экономикалық Одағы лидерлері саммит өткізді

Еуразия күн тәртібі - 22

1425901
Еуразия Экономикалық Одағы лидерлері саммит өткізді

Бүгінгі бағдарламамызда Еуразия Экономикалық Одағы лидерлерінің 2020 жылы 19 мамырда ұйымдастырған кезектен тыс лидерлер саммитіне тоқталамыз.

Еуразия Экономикалық Одағының кезекті төрағасы Беларусь президенті Александр Лукашенконың төрағалығында 2020 жылы 19 мамырда видео конференция жолымен Еуразия Экономикалық Одағы лидерлер саммиті ұйымдастырылды. Саммитке Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия және Ресей Федерациясының президенттері, Армения премьер-министрі және Еуразия Экономикалық Одағының Бас хатшысы қатысты.

Коронавирус пандемиясы себепті видео конференция арқылы ұйымдастырылған саммитте одақтың 2025 жылға дейінгі экономикалық интеграциясын дәріптеген жұмыстар қолға алынды. Саммитте қабылдануы мөлшерленген аталмыш жұмыс лидерлердің жылдың соңында Минскте бетпе-бет өтуі жоспарланған саммитіне кешіктірілді. Жиналыста 2020-2021 жылдарды қамтыған әрекет жоспары қабылданды. Бұрынғы саммиттерден өзгеше, бұл жолғы саммитте лидерлердің ұйымның іс-шараларына және міндетіне бағытталған сындарының артқаны байқалды.

Саммитте сөз алған Александр Лукашенко газ бағасындағы теңсіздік мәселесін күн тәртіпке әкелді. Одақтың күшеюуі және тұтастығы үшін газ және жалпы энергия бағаларының одақ ішінде бірдей болуы керектігін айтқан Лукашенконың сыны Ресейді меңзеді. Армения премьер-министрі Никол Пашинян да Лукашенконы қолдады және одақтың ортақ энергия нарқы болуы керектігіне назар аударды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков кедендерде кездескен қиыншылықтардың пандемия кезінде де шешілмегенін айтты және Украина мен Еуропа елдерінен келетін өнімдерге еркін сауда транзит мүмкіндігінің берілуін ұсыныс етті.

Қазақстан президенті Қасым Жомарт-Тоқаев одақтың 2025 жылға дейінгі экономикалық интеграциясын дәріптеген жұмысқа сын жүргізді.

Елінің одақ елдері, әсіресе Ресеймен саудасында төмендеу болғанына назар аударған Тоқаев одақ ішінде әрбір ел үшін тең шарттардың қалыптаспағанын білдірді. Тоқаев одақтың құрылу мақсатының экономикалық интеграцияны нысанаға алғанын, сондықтан басқа салалардағы интеграция жұмыстарының алдымен мұқият зерттелуі керектігін атап айтты. Тоқаевтің сөзінде халықтың мүддесін дәріптеуі назар аударды.

Одақтың жетекшісі болған Ресей президентінің сөзінде одақты кеңейту айтылды. Владимир Путин Израиль, Мысыр, Үндістан елдерімен ынтымақтастық кездесулерінің өтіп жатқанын білдірді.

Өзбекстанның одаққа бақылаушы болуы айтылуда. Жылдың басында Өзбекстанда Ресей үшін тыңшылық жасаған адамдардың түрмеге жабылуы, 2020 жылы 14 мамырда Ресей Сыртқы істер министрлігінің Өзбекстанда орысшаның ресми құжаттарда қолданылуына жаза беру дәріптемесіне наразылық көрсетуі және Өзбекстанның бұл мәлімдемені ішкі істерге араласу деп қабылдауы Өзбекстанның одаққа бақылаушы болуының алдында кейбір кедергілердің бар екенін көрсетуде.

Еуразия Экономикалық Одағының өзінің өркендеу үлгісін қалыптастыра алмауы және көптеген шешім мен жұмыстардың Мәскеудің емеурінімен іске асуы одаққа мүше басқа елдерді пандемия кезінде тіпті де мазасыздандырды. Пандемияның Еуразия географиясындағы созылу процесі одақтың жұмыстары мен болашағына тікелей әсерін тигізеді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар