Синоп қаласы

Түркияда туризм - 21

1204703
Синоп қаласы

Түркияның Қаратеңіз жағалауында бір қала – Синоп... Көк пен жасыл түс бір-біріне сіңген керемет сұлу аймақтардың бірі. Синоп б.з.б. 7-ғасырда бір сауда колониясы ретінде құрылған. Бір аңызға қарағанда атын мифологиялық Өзен тәңірі Асопостың су перісі қызы деп түсіндірілген Синопеден алған. Басқа бір айтуға қарағанда аты ассириялықтардың «Син» деген Ай тәңірінен келеді.

 

Археологиялық қалдықтар Синоп қаласы мен айналасының алғашқы ғасырлардан бастап тұрғын саны көп аймақ екенін көрсетеді. Жағрафиялық тұғыры және табиғи порт болуы, Қаратеңіздің желіне жабық болуы – тұрғын аймағы ретінде таңдалуының басты себебі. Македония королі Александр  Македонский кезеңінде қала ең жарқын күндерін бастан кешкен. Ғылым және мәдениетке мән берген ғалымдардың, философтардың қамқоршысы болған. Қала кейін Рим мен Византия империяларының егемендігіне бағынған. 11-ғасырдың соңына қарай түрік жеріне қосылған.

 

Синоп қаласы келушілерін теңдесі жоқ, керемет табиғат сұлулығы және тарихи туындыларымен қарсы алады. Осылардың ең маңыздысы Хамсилос шығанағы. Түркияның ең солтүстік жері болып қабылданады. Бұрынғы дәуірлерде кемелер жасырынған шығанақ қазір балықшы қайықтары боранды ауа райында паналаған жер болып табылады. Табиғаттың осындай керемет ерекшелігі бар жері әлемде тек қана Норвегияда кездеседі. Атын құмның түсінен алған Сарықұм және Қарақұм шығанақтары мен Аклиман теңіз туризміне қызығушыларға орманмен таптырмас сұлулықтар ұсынады.

 

Үлкенді-кішілі барлығы 28 сарқырамадан тұратын Эрфелек сарқырамалары табиғат аралауды жақсы көретін болсаңыз, су диірмендері де бар жабайы тіршілікті жақын қадағалайтын бір жүріс жолы ұсынады. 28 баспалдақты сарқырамаға өрлеген кезде сізді дем алдыратын керемет түрік кофесі күтеді. Құрылысы б.з.б. 7-ғасырға дейін созылған Синоп қорғаны мен жерасты туннельдері бар Боябат қорғаны аймақ тарихи туралы сіздерге пікір беруде.

 

Түркияның солтүстік жерінде салынған ақ түсті мұнарасымен Инджемұрын теңіз шамшырағы 19-ғасырдың ортасынан бері әрі кемелерге жол көрсетеді, әрі Қаратеңіздің теңдесі жоқ табиғатын көруге мүмкіншілік береді.

Боябат ауданындағы базальт жартастары көптеген жергілікті және шетелдік турист аралаған жерлердің бірі. Теңдесі жоқ ерекшеліктері бар аймақ табиғат ескерткіші ретінде жарияланған.

 

Синоптағы маңызды тарихи орындардың бірі де Синоп түрмесі. Жүздеген жыл бұрын қорған болып салынған, дегенмен кейінгі дәуірлерде өзгертіліп, жөндеуден өткізіліп, құрылысқа жаңа бөлімдер қосылған. Ішкі қорған, кең қабырғалар мен күзету орындарынан тұратын құрылыс бір кездері кеме өңдеу орны, кейінгі замандарда түрме болып қолданылған. Қазір мұражайға айналған түрме келушілерін күтуде.

 

Аккөл, Иналты үңгірі мен Археология мұражайын қаланы аралаған кезде ұмытпаңыз. Синоп... «Менен не сұрайсың?» деп сұраған Александр Македонскийге «Көлеңке жасама, басқа игілік қаламаймын» деп жауап қайтарған белгілі пәлсапашы Диоген Синопский дүниеге келген жер. Түркия Статистикалық мекемесінің 3 жылдан бері жүргізген бір зерттеуіне қарағанда Түркияның «ең бақытты қаласы»...

 

Синоптықтардың өздерін «бақытты» деп атауының себебін орнында көріп, бақытты адамдардың қаласында табиғат жән тарихи орындарды тамашалағыңыз келсе, Синоп сізді күтеді...



Ұқсас жаңалықтар