Түрік Кеңесі елдерінің пандемиямен күрестегі ұйымшылдығы күшті

Еуразия күн тәртібі – 21

1422052
Түрік Кеңесі елдерінің пандемиямен күрестегі ұйымшылдығы күшті

Бүгінгі бағдарламамызда Түрік Кеңесіне мүше елдердің пандемия кезінде шетелдердегі азаматтардың мәселелерін шешуде басқан қадамдарына тоқталамыз.

2020 жылы 7 мамырда Түрік Кеңесіне мүше елдер мен бақылаушы елдердің Миграция басқармалары және қатысты ұйымдары төрағаларының қатысуымен видео конференция ұйымдастырылды. Видео конференцияға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан және Түркия Көш басқармаларының төрағалары мен Түрік Кеңесінің Бас хатшысы қатысты.

Жиналыста ұйымға мүше елдердің COVİD-19 індеті себепті елдеріне қайта алмаған азаматтардың тұрған елінде мекендеу құжаттары, визалары мен Миграцияға байланысты басқа да мәселелерін шешу үшін жасалатын шаралар талқыланды. Жиналыс нәтижесінде тараптар аталмыш тақырыптарда азаматтарға жаза бермеуге келісті. Тараптар Миграция шарттарын да уақытша жеңілдетті. Аталмыш саладағы ынтымақтастықтың үзіліссіз жалғасуы үшін Түрік Кеңесі шаңырағы астында «Миграция координация тобын» құруға келісті.

Баршаға аян, 2020 жылы 10 сәуірде өткізілген Түрік Кеңесі мемлекет басшылары кезектен тыс саммитінде ұйымға мүше елдердердің шетелдерде тұратын азаматтарына қажетті барлық жеңілдіктердің жасалуына шешім қабылданды.

Аталмыш шешімге сай, Түрік Кеңесіне мүше елдер пандемия процесінде еліне қайта алмаған азаматтардың жеткізілуі тақырыбында өзара жәрдем мен жеңілдіктерді жасап келеді. Ұйымға мүше елдер үшінші елдер азаматтарын әкелуде де бірге жұмыстануда. Мысалы Қазақстан Оңтүстік Азия елдеріндегі азаматтарын әкелген кезде Қырғызстан азаматтарын да бірге әкелді. Түркия да Әзірбайжан азаматтарын үшінші елдерден Түркияға әкелді. Болашақта Түркі әлемінің халықаралық салада бірге әрекет жасауы тұрғысынан осындай гуманитарлық көмектесу іс-шаралары өте маңызды болып табылады.

Түрік Кеңесі мүше елдер Миграция басқармалары төрағаларының басын қосуы ұйымның диаспораға бағытталған жұмыстарының жалғасы ерекшелігінде. Ұйым осының алдында да Түрік Кеңесі Түркі тілдес Диаспора ортақ әрекет стратегиясын қабылдады. Өткен ай әлемде болған маскаға байланысты оқиғаларда Түркі әлемі диаспорасы мен Түркі Республикаларының халықаралық салада ортақ әрекет жасауы керектігін тағы бір мәрте айқындады.

Түркия өз аймағында көптеген шетелдікті қанаты астына алған бір ел. Түркияда тұратын шетелдіктердің көбі пандемия процесінде еліне қайтудың орнына Түркияда тұрып қалуы Анкараның осы процесте тура қадам басқанын, процесті жақсы басқарғанын және тек өз азаматтарын ғана емес, шетелдіктерге де денсаулық сақтау сенімін бергенін ортаға шығарды. Түркі әлемінің көшбасшысы Түркия бұдан былай да көрші және көңіл географиясының қызықтырған орталығы болуды жалғастырады. Түрік Кеңесі аясында құрылған «Миграция координация тобы» Түркі әлеміндегі зиялылардың елден кетуін тосуды қамтыған шетелдерде тұратын түрік диаспораларының мәселелерімен де тығыз айналысады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар