Әлемде Ататүріктің аты аталған жерлер бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 21

1418910
Әлемде Ататүріктің аты аталған жерлер бар екенін білетін бе едіңіз?
Atatürk Anıtı İsrail.jpg
şili atatürk anıtı

Әлемнің көптеген елінде Ататүріктің аты аталған жерлер бар екенін білетін бе едіңіз?

Бүкіл әлемде бір көсем ретінде Ататүрік Еуроодақ елдеріне қоса, Үндістаннан Мексикаға, Жапониядан Туниске, Перуден Жаңа Зеландияға дейін ескерткіш, мүсін немесе жер атауларымен құрметтелуде.

Бұл елдердің бірі Чилиде бас қала Сантиаго қала әкімшілігі қала тұрғындары «үлгі тұтсын» деген мақсатпен бір паркке Ататүріктің сөздері жазылған рельеф салды. Ескерткіште «Түркия Республикасының құрушысы, өз отанының пидақор және адал қызметкері, теңдесі жоқ батыр, адамзаттық идеологияның нағыз үлгісі... Бар ғұмырын түрік ұлтына арнаған, ұлтына өз рухы мен нәрін берген. Ол ұлтының рухын әрдайым жылытатын алау ретінде өмір сүреді!» жазылған.

Израильдің Йехуд қаласында Мұстафа Кемал Ататүрікке естелік ретінде салынған ескерткіште оның «Елде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік» сөзінің дәл астында «Түрік ұлты мен Түркияны жақсы көретін Израиль халқы саған мәңгі ризашылығын білдіреді» деп жазылған.

Кубада алғаш және жалғыз шетелдік лидер болып Ататүріктің ескерткіші салынған. Бірінші мүсіннің астында түрік және испан тілінде «Түркия Республикасының құрушысы – Елде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік» деп жазылған. 2011 жылы Куба мемлекеттік лауазымдыларының талабымен мүсінші Метин Юрданур тарапынан жасалған екінші Ататүрік ескерткіші болса, бас қала Гавананың белгілі Пуэрто даңғылы үстіндегі бір паркке қойылды.



Ұқсас жаңалықтар