Сарай тағамдары- 15

Қабырға долма

1418224
Сарай тағамдары- 15

 

Османлы сарай асханасының керемет рецептері берілетін осы бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде сіздерді өркениеттер бесігі,  бірлік пен кішіпейілділік қаласы Мардинге алып барамыз. Екі апта бұрын дайындалған Лебение сорпасынан кейін осы апта да Мардиннің атақты тағамдары арасында орын алған Қабырға долманы дайындаймыз.  Бізге Мардиннен екі аспаз серік болады. 

Осы тағам үшін керек нәрселер:

  • 2,5 келі қозы қабырғасы

  • 500 гр қозы еті

  • 3  ас қасық сары май

  • Жарты стаканмен долма үшін пісте

  • Екі тіс сарымсақ

  • Үш стакан күріш

  • Екі шай қасық йенибахар

  • Екі кішкентай қасық қара бұрыш

  • Бір шай қасық тұз

  • Бір алақан аскөк

  • Бір алақан ақжелкек

  •  

Осы тағамның қалай дайындалғанын бас аспаз, мәдениеттанушы Юнус Эмре Аккор көрсетіп береді.  Алдымен сіздерді Мардинде саяхатқа шығарамыз.



Ұқсас жаңалықтар