Хыдыреллездің Түркия мен Македонияның ортақ мерекесі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 19

1409823
Хыдыреллездің Түркия мен Македонияның ортақ мерекесі екенін білетін бе едіңіз?

Хыдыреллездің Түркия мен Македонияның ортақ материалдық емес мәдени құндылығы екенін білетін бе едіңіз?

Хыдыреллез Қыдыр мен Ильяс есімдерінің қосылуымен пайда болған бір атау. Түркияда Хызыр-Ильяс, Эдерлези, Какава, Хафтамал, Эғрилже, Эғридже және Македонияда Хидерлез, Эдирлез, Эрделези, Хердерлези деген аттармен де аталады. Қыдыр мен Ильястың топырақ пен судың қорғаушысы ретінде адамдарға көмектескеніне, жылына бір рет 6 мамыр күні бас қосқанына сенеді. 6 мамыр күні табиғаттың оянуы ретінде қабылданады және көктемнің алғаш күні болып тойланады. Бұл дәстүрдің негізі кейінгі жылды молшылық, береке, денсаулық, тыныштық ішінде және бақытты өткізу тілегіне сүйенеді.

«Көктем мерекесі: Хыдыреллез» 2017 жылы Оңтүстік Кореяда жүзеге асқан ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұра Үкімет аралық комитет жиналысында Түркия мен Македонияның ортақтығымен көпұлтты мереке ретінде Адамзаттың материалдық емес медени мұра тізіміне енді.



Ұқсас жаңалықтар