Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына орай халықаралық конференция

Еуразия күн тәртібі - 18

1408821
Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына орай халықаралық конференция
   Бүгінгі бағдарламамызда Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына орай Халықаралық Түркі Академиясы тарапынан ұйымдастырылған халықаралық конференция мен академияның жұмыстарына тоқталамыз.
   Халықаралық Түркі Академиясы 2020 жылы 24 сәуірде «Ұлы дала өркениеті: Тоныкөк мұрасы және Замандас Түркі әлемі» деген тақырыппен халықаралық видео конференция ұйымдастырды.
   Баршаға аян, ЮНЕСКО тарапынан 2020 жыл «Абыз Тоныкөк жылы» деп жарияланды. Тоныкөк жылының беташары ерекшелігіндегі бұл конференцияға ЮНЕСКО, Түрік Кеңесі, ТүрікПа, Халықаралық Түрік Мәдениеті мен мұрасы қоры, ТҮРІКСОЙ сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан ғылым академиялары, Түрік Тілі Қоғамы басшылары, АҚШ, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Моңғолия, Өзбекстан және Түркиядан ғалымдар қатысты.
   Беташар сөзінен кейін ғалымдар баяндама жасады. Түрік Академиясы тарапынан тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық видео конференцияда бірнеше тілде аударма жасалды. Жиналыста «Абыз Тоныкөк» еңбегі таныстырылды. Еңбекте Тоныкөк ескерткіші мәтінінің транскрипциясы және 12 тілдегі аудармасы орын алған.
   Моңғолия Ұлттық мұражайының директоры Дагваадорж Сухбатар жиналысқа қатысқандарға мұражайдағы Тоныкөк ескерткішіне байланысты материалдарды таныстырды.   Сухбатардың Тоныкөк ескерткішін ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне тіркету ұсынысы қатысушылардан қолдау тапты.  Тараптар аталмыш тақырыпта ортақ өтініш беруді жоспарлауда.
COVID-19 індеті себепті әлемде қалыптасқан кезектен тыс жағдайға қарамай, бұрын жоспарланған «Тоныкөк жылы» іс-шараларын тоқтатпай, осы жолмен бастау маңызды бір қадам болды. 
Ескертер болсақ,  Түркі Академиясы 2020 жылы 21 сәуірде Әзірбайжан, Башқұрстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Түркия Ғылым академиялары төрағаларының қатысуымен Түркі Әлемі Ғылым Академиялары Одағы кезектен тыс жиналысын өткізіп, жиналыста коронавирус індетімен күрес және одақтың күн тәртіптегі мәселелерін талқылаған болатын. Түрік Кеңесінің 2020 жылы 10 сәуірдегі кезектен тыс саммитінен кейін Түркі Академиясының да осы бағытпен жұмыстарды үзіліссіз жалғастыруы өте маңызды қимыл. Академия сонымен бірге пандемия себепті 10 жылда басылған еңбектерін электронды жолмен оқырмандарға ұсынды.
Болашақта мықты бір Түркі әлемін қалыптастыру Түркі Республикаларының ғылым саласындағы күштерін бірлестірумен іске асатыны айқын. Ортақ тарихтан ортақ болашаққа   аман-есен жету, Халықаралық Түрік Академиясы сияқты Түркі Республикалары шаңырағы астындағы ұйымдардың тіпті көп жауапкерлік алуы, пандемия сияқты кезектен тыс мәжбүрліктерге қарамай, белгіленген нысаналарға беталу  Түркі халқына сенім мен арман сіңіру арқылы ғана мүмкін болмақ.
Көктүрік Мемлекетінде уәзір міндетін атқарған Тоныкөк - Түркі әлемінің тоғысуы тұрғысынан маңызды бір тарихи қайраткер.  Көктүрік Мемлекеті кезінде түркі руларының бір шаңырақ астында бірлесуі, ел әкімшілігінің ғылыммен басқарылуында Тоныкөктің еңбегі орасан зор. Бүгінгі күнде Түркі Республикалары арасында ұйымшылдықтың бекемделуі үшін Тоныкөктың өнеге тұтылуы, тарихи оқиғалардан сабақ алынуы керек. «Тоныкөк Жылы» іс- шараларының Түркі әлемінің  тоғысуы жолындағы маңызды жол бастаушы (жетекші) күш болуын үміт етеміз. 


Ұқсас жаңалықтар