Стамбул марафонының 1979 жылы басталғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 18

1405518
Стамбул марафонының 1979 жылы басталғанын білетін бе едіңіз?

1979 жылынан бастап Азия мен Еуропа құрлықтары арасында марафон жарысы ұйымдастырылғанын білетін бе едіңіз?

Ұлттық бір газет тарапынан 1973 жылы күн тәртіпке келген Азиядан Еуропаға жүгіру пікірі 1979 жылы бір топ неміс туристтің бастамасымен жүзеге асты. 1 сәуір күні алғаш марафон жарысын көргендер мұны жақсы бір әзіл деп ойлап қалды.

«Азия-Еуропа марафоны» деп басталған марафонның атауы кейінгі жылдары «Еуразия марафоны» болып өзгертілді. 2005 жылы Еуразия марафоны «бейбіт бір әлемге» арналды. Әртүрлі елден балалар, Стамбұл Боғазичи көпірі үстінен бейбітшілдік үшін көгершіндер ұшырды. Сондай-ақ сол жылдан бастап шетелде байланыс орталықтары ашылды.

«Еуразия марафоны» атауы 2013 жылы «Стамбул марафоны» деп қайта өзгертілді. 2014 жылы Стамбул марафоны әлемнің ең тамаша 22, Еуропаның 11 марафоны арасында орын алды. 100 мыңнан астам марафонсүйер қауымның екі құрлықты достық және джентльмендік сезіммен біріктіруі Стамбул марафонын әлемнің ең қызық марафонына айналдырды.



Ұқсас жаңалықтар