Стамбул – Еуропа мен Азияны бір-бірімен байланыстырған бір қала

Түркияда туризм - 18

1189974
Стамбул – Еуропа мен Азияны бір-бірімен байланыстырған бір қала

Стамбул – екі құрлықты, Еуропа мен Азияны бір-бірімен байланыстырған бір қала … Жағрафиялық тұғыры себепті тарих бойынша әрдайым бір елді мекен болған. Б.з.б. 7-ғасырда құрылған Стамбул көптеген және әртүрлі өркениетке отан болған. Мәдениеттер, діндер және өркениеттер тоғысқан жер. Тарих бойынша үш үлкен империяға, яғни Рим империясы, Шығыс Рим империясы және Османлы империясына бас қала болған. Осы керемет тарихымен әртүрлі өркениеттердің өнімі ретінде туындыларды теңдесі жоқ бір аймақта жинаған Стамбул 1985 жылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне енген.

 

Стамбулдың солтүстігінде Халич, шығысында Босфор бұғазы және оңтүстігінде Мәрмәр теңізімен қоршалған бөлігі бүгін «тарихи түбек» деп аталады.

Осы түбектегі 4-ші аймақ «Стамбулдың тарихи алаңдары» ретінде Әлем мұра тізіміне алынды. Осы аймақтар Сұлтанахмет қалалық археологиялық қорғау алаңы, Сүлейманийе қорғау алаңы, Зейрек қорғау алаңы, Стамбул құрлық қорғаны қорғау алаңы. Сұлтанахмет қалалық археологиялық алаңы, Топкапы сарайы, Аясофия, Ипподром, Ая Ирини және кішкентай Аясофия мешітін қамтиды.

 

Топкапы сарайы – Османлы империясының ұзақ тарихы бойынша падишалар өмір сүрген және империя басқарылған ең маңызды сарайлардың бірі... Фатих Сұлтан Мехмет тарапынан құрылыс жұмыстары басталған сарай 15-ғасырдың соңына қарай аяқталған және қолданылған дәуірлерде 4 мыңға жуық адамға қонақжайлық жасаған. Шамамен 80 мың шаршы метр алаңға құрылған сарай жаңа сарайлардың салынуымен бұрынғы маңызын жоғалтқан. Дегенмен қасиетті аманаттар, қазына және ақша сарайы (Мемлекеттік ақша шығару кәсіпорыны) осында сақталған.

 

Топкапы сарайы 1923 жылы Османлы империясының ыдырауымен мұражай болып ашылды. Ұзақ жылдар бүкіләлемдік бір империяның басқару орталығы болу тұрғысынан назар аударған сарайда Османлы архитектурасы мен қолөнері туындылары, миниатюралар, Исламдық қол жазбалар, киімдер, қарулар, қабырға суреттері, күнделікті тіршілікте қолданылған бұйымдар мен Османлы қазынасы мен асыл тастары орын алған үлкен коллекциялар бар...

 

Аясофия Стамбулдағы ең маңызды құрылыстардың бірі…  Византия империясы кезінде 500 жылдары құрылысы басталған шіркеу мұнарасымен танымал. Архитектура тарихында маңызды бір жаңалық болған Аясофия қазір мұражай болып қолданылады.

Ипподрум деп аталған аймақ 200 жылдары спорттық шаралар мен әлеуметтік орталық ретінде салынған. Қазіргі таңға тек қана қалдықтары жеткен. Ая Ирини мен кіші Аясофия болса Византия кезеңінде салынған және архитектурасымен назар аударған православ шіркеулері болып табылады.

 

Сүлейманийе мешіті – 16-ғасырдың ортасында Османлы падишасы Кануни Сұлтан Сүлейманның атақты архитектор Мимар Синанға салдырған мешіті. Қазір Стамбул қаласының керемет силуэтін белгілейтін ең көрікті туындылардың бірі болып табылады. Қаланың әрі діни, әрі әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бір комплекс болып жобаланған мешіттен басқа аурухана, монша, керуенсарай, төрт медресе, медицина факультеті және кедейлер үшін асүйі  бар. Осы құрылыстардың көпшілігі қазір де болмысын жалғастыруда.

 

Әлем мұра тізіміне алынған аймақтардың бірі Зейрек қорғау алаңы болса Зейрек мешіті немесе Пантократор монастыры, үш православ шіркеуінен тұратын маңызды бір құрылыс... 12-ғасырда салынған монастр Стамбул жеңісінің артынан медресе болып өзгертілген.

Аймақ Османлы үйлерінің құрылымы, өмір салты мен архитектурасы тұрғысынан маңызды үлгілерге ие. Стамбулдың ең ескі үйлердің бірі де осы жерде орналасқан. Зейрек қорғау алаңы ЮНЕСКО-ның қорғауға алынған ескерткіштерді қадағалау тізіміне енген және жөндеу жұмыстары ауқымды түрде жүзеге асырылған.

 

Стамбул Құрлық қорғандарын сақтау алаңы, қала орналасқан тарихи түбекте құрлық және теңіз тарапынан қоршалған қорғандар мен айналасын қамтиды.Қорғандардың құрылысы алғашқы рет 4-ғасырда басталып, тарих бойынша қосымша бөлімдер салынып өзгерістер жасалған.

Қорғандардағы керемет қақпалар, қаланың келушілеріне мемлекеттің күшін көрсеткен ескерткіштер іспеттес… Қақпалар қазірдің өзінде қолданылуда. Османлы империясы кезінде қорғандар мен қақпалар көп рет жөнделген.

 

 

Кейбір бөлімдері жаңадан салынған.

Сұлулығы өлеңдерге, романдарға, фильмдерге тақырып болған, табиғи және тарихи тұрғыдан теңдесі жоқ Стамбулды өткен жылы шамамен 14 миллион шетелдік турист аралаған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар