Еуразия Экономикалық одағында ынтымақтастық

Еуразия күн тәртібі - 17

1403986
Еуразия Экономикалық одағында ынтымақтастық

   Бүгінгі бағдарламамызда Еуразия Экономикалық одағы лидерлерінің 2020 жылы 14 сәуірде ұйымдастырған кезектен тыс лидерлер саммитіне тоқталамыз.

   Еуразия Экономикалық одағының кезекті төрағасы Беларусь президенті Александр Лукашенконың шақыруымен Еуразия Экономикалық одағы лидерлер саммиті 2020 жылы 14 сәуірде видео конференция жолымен ұйымдастырылды.

   Саммитке Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей Федерациясының президенттері, Армения премьер-министрі және Еуразия Экономикалық одағының Бас хатшысы қатысты. 10 сәуірде ұйымға мүше елдер мен Молдавияның үкімет басшылары видео конференция арқылы жиналыс өткізген болатын.

  Видео конференцияда ұйымға мүше елдердің пандемиямен күрестері баяндалды және бұдан былай жасалатын сақтық шаралары талқыланды. Саммитте лидерлер экономикалық тұтастықтың үзіліске ұшырамауы, стратегиялық маңыздағы өнімдердің кедендерде тосылмауы, электрондық процестің жылдамдатылуы, коронавирус індетімен бірігіп күресу тақырыптарында келісімге келді.

   Ескерте кетейік, азық-түлік қауіпсіздігін қамдау үшін Еуразия Экономикалық одағы мүшелері 2020 жылы 31 наурызда кейбір азықтық өнімдердің одақ сыртына экспортын 2020 жылы 30 маусымға дейін шектеді. Жәрдем мақсатымен шетелге жолданатын азық-түліктер бұл шектеменің тысында қалды.

         Еуразия Экономикалық одағына  мүше елдер «Жасыл дәліз» тәртібін атқарып, індет кезеңінде жүктің кеденде қалмауын қамдауға талпынуда. Владимир Путиннің індет кезінде кейбір өнімдерге салық салмау ұсынысы алдағы кезеңде атқарылады. Пандемия кезеңі ұзайтын болса, Еуразия Экономикалық одағының Еуразия Өркендеу банкі және Еуразия Тұрақтылық және өркендеу қоры қаржыларының экономиканы жандандыру және коронавируспен күрес үшін қолданылуы күн тәртіпке келеді.  Лидерлер індет кезінде одаққа мүше елдердің орталық банктері мен қатысты банктерінің ұйымшылдықпен жұмыстануына бұйрық берді. Еуразия Экономикалық одағы шаңырағы астында құрылған Пандемиямен күрес координация кеңесі жұмыстарын жалғастырып жатыр.

   Жиналыс соңында Мемлекет басшылары саммит ортақ декларациясы қабылданды. Декларацияда әлемдегі барлық қақтығыстардың тоқтауы, бір жақты санкциялардың жойылуы, коронавирусқа қарсы ортақ күрес жүргізу дәріптелді.

  Ресей қазірге дейін  COVİD-19-бен күрес аясында  Еуразия Экономикалық одағы елдеріне 70 мың сынама жабдығын жолдады. Одақтың лидер елі Ресей дәрімен қамдауда  Еуразия Экономикалық одағы елдеріне жәрдемші болатындарын, COVİD-19 вакцинасы табылса, мұны ортақтарымен бөлісетінін білдірді.

   Жиналыс соңында  Лукашенко ел басшыларының 2020 жылы 19 мамырда Минскте өткізілуі жоспарланған Еуразия Экономикалық одағы кезектен тыс саммитіне шақырды. Ел басшыларының Лукашенконың шақыруын қабылдап-қабылдамайтыны сол елдердегі індеттің таралу жағдайымен тікелей байланысты болады. Еуразия географиясында коронавирус індетін шыңына шықты деп айта алмаймыз.

   2020 жылы 19 мамырда өтетін саммитте одақтың 2025 жылға дейінгі экономикалық интеграциясын болжау жұмыстары қолға алынады. Бұл жоба одақтың экономикалық жақтан тұтастығы тұрғысынан маңызды сатылардың бірі болып табылады. 

   Еуразия Экономикалық одағының коронавируспен күрес процесінен қалай өтетіні, Шығыс пен Батыс арасында көпір болып-болмайтыны беймәлім тақырып. Еуразия Экономикалық одағы  шиеленіскен сауда бәсекесінен өз үлесін алатын болды. Қырғызстан президенті Жеенбековтың жиналыста айтқанындай, Еуразия Экономикалық одағы үшін пандемия процесі бір сынау болмақ.

 



Ұқсас жаңалықтар