Әлемдегі жалғыз Балалар фестивалінің Түркияда тойланғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 17

1401123
Әлемдегі жалғыз Балалар фестивалінің Түркияда тойланғанын білетін бе едіңіз?

Әлемдегі алғашқы және жалғыз Балалар мерекесі  23 сәуірдің Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік тарапынан бүкіл әлемдік балаларға сыйға берілгенін білетін бе едіңіз?

 

Быил 100 жылдығын тойлаған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ашылған 23 сәуір күні 1935 жылы Ұлттық егемендік мерекесімен біріктіліп, «23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар меркесі» атымен тойлана бастады. Түркия Республикасының негізі қаланған, егемендік сөзсіз түрік ұлтының еркіне өткен бұл құтты күн балалар үшін де мерекеге айналды.

Түркия Республикасының құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік болашақтың балалардың қолында екеніне сенген және осы себепті балаларға қатты көңіл бөлген. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ашылған күнін тек қана Түркияда өмір сүретін балаларға емес, әлемнің бүкіл балаларына мереке ретінде сыйлауы Ататүріктің балаларға деген сүйспеншілігін көрсетеді.

 



Ұқсас жаңалықтар