Джумалыкызык - Бурса

Түркияда туризм - 16

1183364
Джумалыкызык - Бурса

Джумалыкызык – Түркияның Мәрмәр аймағында түпнұсқалық тарихы сақталған, бұрынғы үйлері және көшелерімен сүйкімді бір ауыл. «Османлы мемлекеті дәуірінде Анадолыдағы ауыл салты қалай болған?» деп қызыққан саяхатшыларды күтеді.

Бурса қаласы мен Джумалыкызык ауылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне 2014 жылы бірге енді. Ауыл Османлы мемлекетінің құрылуына куә болғаны тұрғысынан аса маңызды...

«Бурса мен Джумалыкызык: Османлы мемлекетінің туылуы» Әлем мұра алаңы Бурса қаласындағы 6 орынды қамтиды. Олар: Орхангази кешені мен айналасын қоршайтын Хандар кешені, Хүдавендигар кешені, Йылдырым кешені, Йешил кешені, Мурадийе кешені және Джумалыкызык ауылы...

Османлы мемлекетінің алғашқы бас қаласы Бурса 14-ғасырдың басынан бері әлеуметтік, мәдени және сауда-саттық тұрғыдан уақыт өткен сайын дамыған. Османлы кезеңінде қалада ондаған мешіт, медресе, кесене, керуенсарай, монша, қайырымдылық үйі, шипажай салынған. Бурсаның қала салу моделі кейін құрылған Османлы-түрік қалаларына мысал болған.

Бурсаның Әлем мұра тізіміне енуіне ықпал еткен түпнұсқалық тарихы Анадолы елінің әлемдік империяға қалай айналғанын ашық түрде көз алдына салады.

Османлы империясының шамамен 700 жылдық кезеңде салған құрылыстары келушілерді бұрынғы дәуірлерге апарады.

Бурса қала орталығына 13 шақырым қашықтықта, Ұлытау (Улудағ) етегінде орын алған Джумалыкызык ауылы әрі тарихи текстурасы, әрі дәстүрлі өмір салтын қазіргі күнге дейін сақтаған. Османлы сәулетшілігінің мысалы үйлер, жаңбыр жауған кезде суды алып кететін, көшенің ортасы каналға ұқсатып төселген қисық тасты көшелері мен монументалды құрылымдары ашық аспан бір мұражай сияқты. Кірпіш үйлері, түрлі-түсті дуалдары, көшелердегі бұрқақтарымен сізді бұрынғы заманға апарады.

Джумалыказык жыл сайын мыңдаған туристке қонақжайлық жасаса да, ауылдық өндіріс салты бұрынғыдай жалғасуда. Ауылдың адамдары өз өнімдерін ауылдың орталық алаңында келушілерге сатуда.

 

Бурсаға баратын тыңдармандарға ұсынамыз: керемет табиғаты бар Ұлытауға көтерілмей, шипажайларынан су ішіп, жылы суына шомылмай, Бурса жібегін сатып алмай, дүниеге әйгілі Искендер кәуап, Кемалпаша тәттісі және талшын кәмпитінің дәмін татпай қайтпаңыз!



Ұқсас жаңалықтар