Түркияның Еуразия елдерімен ынтымақтастығы
Еуразия күн тәртібі - 15
1395707
Бүгінгі бағдарламамызда коронавируспен (COVİD-19) күресте Түркияның Еуразия елдерімен ынтымақтастығына тоқталамыз.
Коронавирус (COVİD-19) бүкіл әлемге кең таралып барады. Осындай пандемия кезеңінде әлемде халықаралық ынтымақтастықтың басты орынға шығуы қажетті. Осы тұрғыдан Түркияның атқарған саясаты өнеге боларлық өреде. Сәуір айының басынан бері Түркиядан жәрдем сұраған елдердің саны 100-ден асты. Түркия әкімшілігі мүмкіндіктің барынша аталмыш елдерге көмек қолын созуда.
Түркия коронавирус ортаға шыққан алғашқы күндерде Қытайға көмектесіп, коронавируспен күресте елдер арасындағы ұйымшылдықтың өте маңызды екенін көрсетті. Соңғы кездерде Еуразия географиясындағы елдерге де коронавирус жылдам тарай бастады және Түркия осы елдерге жәрдемін жалғастыруда. 2020 жылы 21 наурызда Болгария Қорғаныс министрі Красимир Каракачанов коронавирустың таралуын тосу жабдықтарына байланысты Еуропаның емес, Түркияның жәрдем бергенін айтты.
Әзірбайжан Денсаулық сақтау министрі Октай Ширелиев 25 наурызда жаңа типті коронавирус диагноз қою жабдығын Түркия арқылы алғандарын жариялады. Эгей университеті 1 сәуірде әзірбайжандық көмекші және маман дәрігерлерге коронавируспен күрес тақырыбында 2 апталық білім берілетінін және кемелді біліммен Әзірбайжанға қайтатынын білдірді.
26 наурызда Түркияның Бішкек қаласында салған Қырғыз-Түрік Достық емханасының коронавируспен күресте қолдану мақсатымен Қырғызстанға өткізіп берілгені жарияланды.
ТИКА Бішкек офисі өткен жылы Қырғызстанның Баткен аймақтық емханасы Жұқпалы аурулар бөлімін жөндеп берді. Ауданда коронавирусты жұқтырған науқастар осы емханада емделуде.
27 наурызда Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто елінің коронавируспен күрес аясында өткен күндерде Түрік Кеңесінен жәрдем сұрағанын, Түркияның маска жасау үшін қолданылатын 8 тонна текстиль өнімін Венгрияға экспорт етуге рұқсат бергенін білдірді.
31 наурызда Анкара орталықты бір құрылыс компаниясы Қазақстанға коронавируспен күрес аясында 1000 дана медициналық жабдықтар пакетін жолдады. Еуразия географиясында жұмыстанып жатқан түрік компаниялары жергілікті әкімшіліктерге және халыққа қолынан келген жәрдемді көрсетіп жатыр.
1 сәуірде президент Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгімеде коронавируспен күрес тақырыбы талқыланды.
Сол күні президент Ердоған Украина президенті Владимир Зеленчкиймен де телефонда сөйлесті. Телефондағы кеңесте Зеленский Түркиядан тыныс алу жабдығын және арнайы қорғаушы киімді талап етті.
2 сәуірде Жекеменшік Өнеркәсіп және іскерлер қоғамының Тбилиси офисі мен Түрік және Грузин іскерлері қоғамының мүшелері Түркияның Тбилиси өкілетті елшілігінің ұйымдастыруымен 200 отбасына жететін азық-түлік пен тазалық өнімдері жәрдемін берді. Грузияда жұмыстанатын түрік іскерлер Грузия үкіметінің коронавируспен күрес жәрдем қорына қомақты бағыш арнады. ТИКА өткен жылы Батум Инфекция аурулары емханасын жөндеп, Грузияға тапсырып берген болатын.
ТИКА-ның аймақ елдеріне көрсеткен медициналық көмегінен сөз қозғалғанда, осы ұйымның 2018 жылы Тәжікстандағы Турсунзаде Орталық инфекция емханасының балалар бөлімін жаңалағанын және емхананың 3-ші қабатына 33 төсекті балалар инфекция бөлімін құрғанын да айта кетейік.
Түркия еліне қайта алмаған шетелдік студенттерге де қол үшін берді. Түркиядағы іскерлердің жәрдемімен 300-ден астам қазақ студент еліне қайтты.
Қорыта айтқанда, Түркия коронавируспен күресте халықаралық ұйымшылдыққа мән береді. Түркияның Еуразия аймағына жасаған жәрдемдері алдағы кезеңде екі жақтылы қарым-қатынастарды бекемдеуге, Анкараның аймақтағы орнын кұшейтуге есе қосатын болады.