Адамзат тарихының ең ауқымды еңбегін Ибн Синаның жазғанын білетін бе едіңіз?
Бұларды білетін бе едіңіз? - 15
Адамзат тарихының ең ауқымды еңбегінің медицина ғалымы Ибн Сина тарапынан жазылғанын білетін бе едіңіз?
Батыс елдерінде «Авиценна» атымен белгілі Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина 980 жылы қазіргі Өзбекстанның Бұхара маңындағы Афшана қаласында дүниеге келген.
Бұхарада ол әкесінен және белгілі ғалымдардан жеке сабақ алып, жақсы білім алады. Оның ерекше есте сақтау қабілеті мен зеректілігі оған көп көмектеседі. 14 жаста ол мұғалімдерінен асып түсе бастады. 16 жаста ол медицинаға бет бұрып, Кушяр атындағы бір дәрігерден медициналық білім алады. 19 жаста дәрігер атағын алып, науқастарды ақысыз емдей бастайды. Сонымен қатар жаңа емдеу әдістерін де дамытады. Медицина саласында білім алып қана қоймай, жаңа емдеу тәсілдерін де жетілдіреді. 21 жасқа толғанда ол өз дәуірінің ең атақты дәрігерлерінің бірі болып саналады.
Ибн Сина көптеген медициналық еңбектер жазды; олардың арасында, әсіресе жүрек-қантамыр жүйесіне қатысты материалдары назар аударады. Оның ең үлкен шығармаларының бірі «Китабу’ш-Шифа» яғни «Денсаулық кітабы» адамзат тарихында жалғыз адам жазған ең ауқымды туынды.
Бұл еңбек логика, физика, геометрия, астрономия, математика, музыка және метафизика тақырыптарында сол дәуірдің барлық білімдерін біріктіретін бір энциклопедия.