Түркияда вакцина өндірісінің Османлы кезеңінде басталғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 14

1387022
Түркияда вакцина өндірісінің Османлы кезеңінде басталғанын білетін бе едіңіз?
osmanlıda ilk aiı.jpg
oosmanlı_aşı_laboratuvar.jpg

Түркияда вакцина өндіру жұмыстарының алғаш рет Османлы кезеңінде басталғанын білетін бе едіңіз?

1721 жылы Ұлыбритания өкілетті елшісінің әйелі Леди Монтагу өзінің еліне жазған хатында Стамбұлда шешек ауруына қарсы «вакцина деп аталатын нәрсе» жасалғанын айтады. Бұл хат - вакцина өндірумен байланысты қол жеткізілген ең ескі құжат болып табылады.

Француз микробиолог және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы Луи Пастер құтырған иттерге қарсы жұмысын жалғастыру үшін сол дәуірдің мемлекет басшыларынан қаржылай көмек сұрайды.

Абдулхамит II көмектесе алатынын, дегенмен пастердің Стамбұлда жұмыстарын жалғастыруын талап етеді. Бұл ұсынысты қабылдамаған Пастерге 10 мың алтын жіберген Османлы падишасы 3 адамды ассистент ретінде оқытуын сұрайды.

Францияға барған үш адамнан тұратын бұл топ жұмыстарды Стамбұлда жалғастыру үшін «құтыру ауруы» егілген сүйек майын оралған кезде өздерімен әкеледі. Құтыруды емдеу мекемесі 1887 жылы қаңтарда құрылды. Бұл мекеме әлемдегі үшінші, шығыстың алғашқы құтыру орталығына айналды.

Ұлт азаттық соғыс кезінде жануарлар мен адамдарға арналған вакциналар қиын жағдайларда өндіріледі; өндіріс республикалық кезеңінде де жалғасады. 1940 жылдарға дейін іш сүзегі, дифтерия, БЦЖ, тырысқақ, көкжөтел, сіреспе, құтыруға қарсы вакциналар жаппай өндіріс арқылы жасалады. 1940 жылы Түркиядан тырысқақ үшін Қытайға отандық тырысқақ ауруы вакцинасы жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар