Дивриги Ұлы мешіті мен Дарүшшифасы (Шипахана)

Түркияда туризм – 14

1175060
Дивриги Ұлы мешіті мен Дарүшшифасы (Шипахана)
divriği Ulu Camii-2.jpg
Sivas Divriği Ulu Camii
divriği 2.png

Дивриги Ұлы мешіті мен Дарүшшифасы (Шипахана) сәулеті және керемет тас оюларымен Анадолыдағы ең маңызды сәулеттік туындылары арасында орын алады. Шамамен 775 жыл бұрын салынған осы ғимарат бір-бірімен жапсарлас бір мешіт пен шипаханадан тұрады. Осы екі ғимарат 1985 жылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне енген.

Түркияның Орталық Анадолы аймағында Сивас қаласының Дивриги ауданындағы мешіт пен шипахана Анадолы Селшұқ Мемлекетіне қарасты бір мырзалық болған Менгүджекоғуллары кезеңіне тиесілі. Мешітті 13-ғасырдың ортасында Менгүджек мырзасы Ахмет Шах, шипахананы болса сол кезеңде Ахмет Шахтың жұбайы Туран Мелек салдырған. Бас сәулетшісі ахлатлық Хүррем Шах болған.

13-ғасыр Анадолы-түрік сәулетшілік мысалдары арасында арнайы бір тұғырға ие. Дивриги мешіті мен шипаханасының ең маңызды ерекшелігі – ойылған қақпалар мен діңгектері. Тас ұсталығының ең мықты мысалы ретінде ойылған он мыңдаған оюдың қайталанбауы құрылыстарға өзіндік бір құндылық қосады.

Екі мұнаралы бір кесенесі бар мешіт қиылған тастармен қапталған және тікбұрышты жоспарланған. Мешіттің үш кірісі бар. Негізгі кіріс есігінде гүл, жапырақ оюлары орын алады және «Жәннат есігі» деп аталады.

Батыс жағындағы қақпаны тығыз салынған шілтер мотивтермен безендірілген. Безендірулерінде бәйшешек мотиві де қолданылған, қақпаның үстінде Анадолы Селшұқ Мемлекетінің символы екі басты бүркіт мен Менгүджек мырзалығының символы ретінде басын алға иген сұңқардың суреті бар.

Шығыс жағындағы үшінші қақпа болса Шах мешітке кірген кезде қолданған «Шах қақпасы» деп аталады.

Әлемнің ең ұзақ ғұмырлы қатты діңді ағаштан жасалған мінбе мешітпен бірдей тарихқа ие және алғашқы күнгідей сақталған.

Мешіттің ішінде бір тұтас тастан ойылған екі дана аманат сандығы бар. Осы сандықтарға адамдар бір жаққа баратын болса құнды заттары мен бұйымдарын салатын болған. Тағы мешіттің ішіндегі садақа тас болса қайырымдылардың мұқтаждар үшін садақа қоюы үшін жасалған.

Жалпы бір аурухана стандартында салынған Дивриги шипаханасы Анадолыдағы ауруханалар арасында қазірге дейін сақталған ең ескі және маңыздысы болып табылады.

Шипахана салынған дәуірде әрі дене ағзалары, әрі рухани емдеу үшін қызмет көрсеткен. Османлы империясы кезеңінде де емдеу міндетін жалғастырған және медресе ретінде қолданылған.

Дивриги Ұлы мешіті мен Даришшифасын тамашалау үшін Сивасқа баратын болсаңыз, қаладағы бұрынғы Керуенсарайлардың, медреселерді және қорғанды аралап тамашалаңыздар. Мұздың астынан жүзетін Төдүрге көліне барып, тандырда піскен самса, долма, қамыр тәттісі сияқты жергілікті дәмдерден татпай қайтпаңыз!



Ұқсас жаңалықтар