Ауғанстанда күш қолдану мен дағдарыс толастар емес

Еуразия күн тәртібі – 13

1385827
Ауғанстанда күш қолдану мен дағдарыс толастар емес

Бүгінгі бағдарламамызда Ауғанстандағы жағдайларға тоқталамыз.

Ауғанстанда күш қолдану мен дағдарыс толастар емес. 2020 жылы 20 наурызда Ауғанстанның Забул уәлаятында қауіпсіздік күштерінің арасына кірген Талибан сарбазы ұйымдастырған қарулы шабуылда 20-дан астам қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. 6 наурызда Кабулдағы бір рәсімде жасалған қарулы және бомбалы шабуылда 27 кісі қаза тапты. Шағын шабуылдар және адам шығындары күн сайын болып тұрады. Ақпан айында жарияланған Ауғанстандағы БҰҰ жәрдем бөлімшесінің рапортында соңғы 10 жылда елде 100 мыңнан астам бейуаздың қаза тапқаны немесе жараланғаны білдірілді.

2020 жылы 29 ақпанда Дохада АҚШ пен Талибан арасында бейбітшілік келісіміне қол қойоылды. Келісім АҚШ әсерлерінің 14 ай ішінде елден кетуін белгіледі. Алайда соңғы бір айда туылған оқиғалар келісімнің ауыз жүзінде қалғанын көрсетті.

Мамандар аталмыш келісімнің ауыз жүзінде қалуының себебін елдегі саяси дағдарыстан көріп отыр. Өткен жылы елде өткізілген президенттік сайлаудың талас-тартысы әлі жалғасып келеді. Ауғанстан Тәуелсіз сайлау комиссиясының қарауынша Президенттік сайлауды жеңіп алған Ешреф Гани (%50,64) мен сайлауда екінші болған Абдуллах Абдуллах (%39,52) 2020 жылы 9 наурыздағы сайлауды өздері жеңіп алғанын жариялап, екі бөлек ант ішу рәсімін өткізген болатын.

АҚШ-Талибан келісіміне сай күн тәртіпке келген екінші тақырып түрмедегі 6 мың Талибан мүшесін босату мәселесі болды. Тараптар бұл келісімге әлі келісе алған жоқ. Аталмыш тақырып елдегі дамудың беталысын өзгертуі мүмкін.

Талибан мен АҚШ арасындағы келісімнің орындалуы үшін халықаралық актерлердің де ымыраға келуі қажетті. Ауғанстанда Пәкістан, Иран, Қытай, Ресей, Түркия, Еуропа Одағы сияқты елдердің салмағы ауыр. Аталмыш елдер өзара келісе алмаса, елдегі жағдайдың оңалуы қиын. Ауғанстандағы президент ант ішу рәсімінде халықаралық актерлердің бөлінгені айқын байқалды.

Ауғанстан мәселесінің шешімі үшін соңғы жылдарда Өзбекстан да еңбектенуде. Екі ел көрші, Ауғанстанды мекендеген халықаралық террористік ұйымдар мүшелерінің Орталық Азияға шабуыл жасау ниеті Өзбекстанның осы тақырыпта белсенді саясат атқаруына жебеу болуда.

Ауғанстан наурыз айында ирандық 5 дипломатты «ұнатылмайтын адам» деп жариялап, елден шығарды. Иранның бұрын ауған жастарынан құралған «Фатимиюн бригадасын» Сирияға жолдағаны баршаға аян. Тегеран әкімшілігі Талибанмен байланыс жасаған. Иранның Ауғанстанның ішкі істеріне араласуы Кабулды мазасыздандырды.

Пәкістанның осы процеске белсенді қатысуы қамдалмаса, Талибанның саясатқа үйлесуі қиын. Пәкістан әкімшілігі Ауғанстанда тұрақтылықтың орнауы және саяси актерлердің ымыраласуы үшін жауапкерлік атқаруы қажетті.

Аталмыш дамулар АҚШ-Талибан келісімінің көз алда өнімді болмағанын көрсетіп отыр. Ауғанстанда тұрақтылықтың орнауы көптеген ішкі және сыртқы себептерге байланысты.

Күллі әлемнің үрейін ұшырған коронавирустың денсаулық саласындағы инфрақұрылымы нашар Ауғанстанға таралуы елдің жағдайын тұйыққа тірейді. Сол себепті елдегі саяси актерлердің қысқа уақытта ымыраға келгені әбзал болмақ.

 Бүгінгі бағдарламамыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар