Мохердің бүкіл әлемге Түркиядан тарағанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 13

1381428
Мохердің бүкіл әлемге Түркиядан тарағанын білетін бе едіңіз?

Көптеген елдерде «мохер» (Ангора ешкісінің жүні) деп аталған жүннің Анкара ешкісінен алынғанын және бүкіл әлемге бұл елден тарағанын білетін бе едіңіз?

Отаны Орталық Азия болған Анкара ешкісі 13-ғасырда Анадолыға көшкен түрік тайпалары тарапынан Анадолыға әкелінген және ол өзінің нәсілдік сипаттамаларына Орталық Анадолыда ие болды. Анкара (Ангора) ешкілері -  үлкен, құрғақ және жаңбырлы климатта өсіруге болатын кішкентай және әсем жануарлар.

ХХ-ғасырға дейін тек Анкара қаласы мен оның маңындағы провинцияларында өскен Анкара ешкісі әр түрлі мерзімдерде бұл аймақтардан шет елдерге жіберілді, бірақ қай жерде жүрсе де өз атын сақтап қалды.

Анкара ешкісінен өндірілген Мохер әлемдік тоқыма саласының ең құнды түгі (талшығы) көзі болып саналады.

Мохер - ақ, берік, жылтыр, икемді, ыстыққа төзімді, жоғары оқшаулағыш ерекшелігіне ие, бояуға оңай, тегіс және тайғақ құрылымымен тез ластанбайтын бір талшық болып табылады. Қойдың жүні мақта мен синтетикалық талшықтармен оңай араласқандықтан тоқу өнеркәсібінің таптырмайтын шикізаттың бірі.

Бүгін Түркияға қоса Оңтүстік Африка, Америка Құрама Штаттары, Лесото, Аргентина, Австралия және Жаңа Зеландия сияқты елдерде Анкара ешкісі өсіріледі.



Ұқсас жаңалықтар