Ксантос пен Летон ежелгі қалалары

Түркияда туризм – 13

1171181
Ксантос пен Летон ежелгі қалалары

Ксантос пен Летон (Xanthos - Letoon) – б.з.б. 3000 жылдары құрылған ежелгі екі қала…

Түркияның Жерорта теңізінде Анталия мен Муғла шекараларындағы осы қалалар ЮНЕСКО Әлем мұра тізімінде орын алады.

Ксантостың ежелгі дәуірлерде Ликияның ең үлкен басқару орталығы болғаны белгілі. Б.з.б. 545 жылы парсылардың егемендігін мойындағанға дейін тәуелсіз болған қала осыдан шамамен жүз жыл өткен соң толығымен өртенген. Өрттен кейін қала қайта салынған. Тіпті б.з.б. 2-ғасырда Ликия одағының бас қаласы ретінде жарияланған.

Кейін болса кезегімен римдіктер мен византиялықтардың бақылауына өткен Ксантос 7-ші ғасырдағы араб шапқыншылығына дейін Византияның бақылауында болған. Қалаға қоныстанған әр өркениет салған құрылыстарда Ликия салты,  Эллендік және Рим дәуірінің ықпалын көруге болады… Қорғандармен қоршалған қаланың ең қызық тарихи мұралары – Эллендік кезеңде салынған театр, ескерткіш мазар және Ликия көктастары үстіне ойылған рельефтер мен жазбалар.

Ксантосқа 4 шақырым қашықтықтағы Летон болса ежелгі дәуірде Ликияның діни орталығы болған көрінеді.

30 жылдан бері жалғасқан қазба жұмыстарында табылған жәдігерлерге қарағанда алғашқы қоныстану б.з.б. 7-ғасырға дейін барады. Ежелгі қала орталығында қатар салынған 3 ғибадатхана бар. Олар – Артемида, Аполлон және Летоға атап салынған. Аймақтағы Ликия, Арами және грек тілдерінде жазылған жазба Ликия тілін аударған кезде үлкен роль ойнаған. Ғибадатханалардың қасында бір су бұрқағы және бұрынғы христиан кезеңі шіркеу орын алады. Эллендік кезең театры болса тамашалауға тиісті тарихи орындар арасында.

 

Ксантос пен Летон археологиялық қалдықтар және Ликия өркениетінің ерекшелігі тұрғысынан әлем мұрасының маңызды құндылықтары болып табылады.

Осы ежелгі қалаларды аралау үшін аймаққа баратын болсаңыз, сізді каретта тасбақаларының Түркиядағы ең маңызды көбею алаңдарының бірі Патара пляжының суында жүзуді, Кекова шығанағында су астындағы ежелгі Симена қаласы үстінде қайықпен аралауды, Саклыкент Каньонында естен кетпес бір күн өткізуді, Демредегі St.Nicholaus шіркеуін көруіңізді және тамаша сұлулығымен қайық турына шығуыңызды ұсынамыз.



Ұқсас жаңалықтар