Өркениеттер бесігі - Диярбакыр

Түркияда туризм 12

1166420
Өркениеттер бесігі - Диярбакыр

Диярбакыр – Түркияның Оңтүстік Анадолы аймағында орын алған бір қала... Жағрапиялық тұғыры себепті тарихта көптеген өркениет Диярбакырды мекендеген... Осы өркениеттердің барлығының іздерін көшелерінен, даңғылдарынан, мешіттерінен, шіркеулерінен және көпірлерінен байқай аласыз. Тарих жойылмаған, керісінше Диярбакырдың ауасына, суына сіңген …

Диярбакыр хуррилерден ассириялықтарға, парсылардан римдіктерге, византиялықтардан Аббас мемлекетіне, селшұқтардан Османлы мемлекетіне дейін 33 бөлек өркениетке «отан» болған бір қала. Азияның Месопотамияға ашылған есігі ерекшелігіне ие болғандықтан тарихта әрқашан маңызды бір сауда орталығы, мәдениет көпірі болған. Жібек Жолы бағытында орын алғандықтан шығыстың ең көрікті керуен сарайлары, бір-бірінен керемет көпірлері осында салынған. Диярбакыр қорғаны және Хевсел бақтары қаланың ең маңызды тарих пен мәдениет болмысын құрайды. Диярбакыр қорғанында тарихта қонақжайлық жасаған барлық өркениеттердің ізі бар. Уақыт өткен сайын аймақтағы өркениеттердің және өз кезеңінің қажеттіліктерімен түрленген қорғанның тарихы 7000 жылдық.

Бес жарым шақырым ұзындығындағы қорғандардың қақпа жазбаларында, безендірулерінде, биік бекіністерінде ондаған өркениеттің ізін байқауыңызға болады. Екі қатар төрт негізгі қақпамен сыртқа ашылған қорған Қытай қорғанынан кейінгі әлемнің ең ұзын қорғаны болып қабылданады.

Хевсел бақтары Диярбакыр қорғаны мен Тигр өзені арасында орын алған бір аймақ… Мыңдаған жылдан бері егіншілік алаңы ретінде қолданылады. Месопотамияның бәлкім ең көне дақыл қоймасы екені алға тартылуда. Тигр өзені суының шегінуімен ортаға шыққан осы берекелі топырақтарда ежелгі дәуірде көбінесе дақыл егілгенмен, қазір үлкендігімен әлемге әйгілі Диярбакыр қарбызына қоса әртүрлі жеміс-жидек өседі. Ірі қарбыздың сырының көгершін тыңайтқышына байланысты екені алға тартылады.

Хевсел бақтары - Оңтүстік Анадолу аймағының ең үлкен құс жәннәті. 180-нен астам құс түріне қоса су құндызы, түлкі, сусары, тиін және кірпі сияқты көптеген жануардың да ұясы. Аймақ сұлу табиғаты, керемет көрінісімен таңқалдырады. Осы теңдесі жоқ қорғандар мен бақтар, органикалық бір тұтастықтың үзігі ретінде Түркияның әлем мұра тізімінде 14-ші мұра алаңын құрайды. 2015 жылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізімінде орнын алды.

Диярбакырдың қорған мен Хевсел бақтарына қоса тарихи Сипахилер базарын (атты әскерлердің базары), Хасан Паша Керуенсарайын, Ұлы мешітті, Мариям ана шіркеуін, Диярбакырдың бұрынғы үйлерін және мұражайларын аралауыңызды ұсынамыз.

Жергілікті астардан ‘нардан ашы’ атты булгур, фарш және дәмдеуіштермен пісірген тағамды, қозының етін, асқабақ және баклажанмен пісірілген ‘мефтуне’нің, лақтың қабырғасына пісірілген ‘қабырға долмасының’ дәмін көрмей қайтпаңыздар.



Ұқсас жаңалықтар