Түріктің сусыны бозаның денсаулыққа көптеген пайдасы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 11

1374690
Түріктің сусыны бозаның денсаулыққа көптеген пайдасы бар екенін білетін бе едіңіз?

Боза - мыңдаған жылдан бері келе жатқан түріктің дәстүрлі сусыны. Бүгінгі күні ол ескі Османлы мен Орталық Азия географиясының кейбір аймақтарында тұтынылады. Қыстың таптырмас сусыны боза Түркияда әсіресе сары ноқатпен бірге ұсынылады.

Тары жарма, су және құм шекерден жасалған бұл сусын әсіресе қыста таңдалады. Ферменттелген бір өнім болған боза құрамында көптеген сүт қышқылы бактериясы бар. Бұл ашытқы мен сүт қышқылы бактериялары пробиотик әсер етеді. Бұл пайдалы бактериялардың арқасында дененің иммунитетін арттырады. Боза құрамындағы бұл пайдалы бактериялар тұтынған азық-түліктермен денемізге кірген уды, аллергендер мен канцерогендерді жояды. Боза - өте қоректік және қуаттандыратын бір сусын. Көмірсулар мен В дәрумендеріне бай. Бұл себепті әсіресе салмағын көтергісі келгендер, өсу шағындағы жастар, әлсіздер, жоғары энергиялық диета ұстағандар және көп жұмыс істейтіндерге ұсынылады.

Боза A, B тобы E дәрумендері мен кальций, темір және фосфор минералдары тұрғысынан да бай болып табылады. Абайлау керекті жалғыз тақырып бозаның сенімді және гигиеналық ортада өндірілуі.



Ұқсас жаңалықтар