Ани археологиялық алаңы

Түркияда туризм 11

1160510
Ани археологиялық алаңы

Түркияның барлық аймақтары жүздеген жыл бойынша көптеген өркениетке қонақжайлық жасаған ежелгі тұрғын аймақтарға толы... Осылардың бірі - Ани археологиялық алаңы...

Шығыс Анадолы жерінде Карс қаласына қарасты Ани археологиялық алаңы алғашқы кезеңдерден бері тіршілік алаңы ретінде таңдалған бір аймақ... Өйткені қоныстануға және қорғанысқа өте ыңғайлы бір жағрапияда орын алады. Қала Орта ғасырда маңызды бір сауда жолы ретінде Жібек Жолының Кавказдан Анадолыға алғашқы кірісінде құрылған. Тұғыры себепті сол кезеңде жылдам жетіліп, аймақтың саяси, мәдени және экономикалық орталығына айналған.

Кейінгі кезеңдерде көп мәдениетті бір сауда орталығына айналған Аниде қала салу мәдениеті, сәулет және көркем өнер дамыған. Аймақта өмір сүрген Зердюшт, христиан және мұсылман қоғамдар қаланың мәдениетін түрлендіруіне қоса, сәулеттік стиліне де ықпал еткен. Ичкаледе 4-ші ғасырда салынған тұрғын аймағы жабық қала моделінен ашық қала моделіне көшудің алғашқы үлгісі болып табылады.

Ани ежелгі қаласы тарихта грузин, армян, Византия, Селшұқ және Осман мәдениеттерінің тоғысқан жері болған. Екі жақты мәдени ықпалдасудың нәтижесі ретінде ортаға шыққан сәулетшілік, құрылыс материалдары және техникалар болса кейін Анадолының түкпір-түкпірі мен Кавказға тарайтын Аниге тиесілі бір сәулет моделін қамтамасыз етіп, тұпнұсқалық сәулет ескерткіштері салынған.

Сауда жолдарындағы өзгерістер себепті маңызын уақыт өткен сайын жоғалтқан Аниді адамдар 16-шы ғасырдың бастарында тастап кеткен.

Ежелгі қала діни және әскери құрылымдарымен орта ғасыр қала мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерін ортаға қояды.

Ани археологиялық аймағы 78 гектарлық үлкен бір алаңға жайылған.

 Аймақтың бай өркениетке ие болғаны соншалықты темір мен қола дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды. 15-ғасырға тән жәдігерлер бар. Мықты сыртқы дуалдары бар қорғандар 960 жылы салынған. Қорғанның ішінде қоғамдық ғимараттар, азаматтық құрылыстар, шіркеу мен мешіт сияқты орталықтар, керуенсарай, монша және көпір сияқты қазірге дейін сақталған 21 дана тіркелген нысан бар. Қала осы ерекшеліктеріне орай 2016 жылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне енген.

Ани археологиялық алаңын аралау үшін Карс қаласына барсаңыз, 12-ші ғасырда салынған Карс қорғанын көріңіз, қысқы маусымға дөп келсеңіз Сарыкамыш шаңғы орталығында қарағай орманында сырғаныңыз. Қыста мұз қатқан Чылдыр көлінде жылқылар тартқан шаңғылармен қыдырмай, жүздеген құстың ұясы болған Куйуджук құс жәннәтін көрмей қайтпаңыздар.

Карс балы, сыры әсіресе де ірімшігі, хинкалы, қаздың етінен пісірілген тағамдарымен танымал бір қала...

Аймақтағы мәдени құрылымның байлығын ортаға қоятын жергілікті билерді тамашалап, жергілікті ақындарды тыңдауыңызды ұсынамыз …

 



Ұқсас жаңалықтар