«Сивас Кангалының» әлемде тіркелген жалғыз ит тұқымы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 10

1369757
«Сивас Кангалының» әлемде тіркелген жалғыз ит тұқымы екенін білетін бе едіңіз?

Анадолының «Сивас Кангалы» атты төбетінің бүкіл әлемде тіркелген ит тұқымы екенін білетін бе едіңіз?

Сивас Кангал төбетінің пайда болуы туралы көптеген пікірлер бар. Бұлардың ішінде Кангал нәсілінің ұлы түрік көштері кезеңінде Анадолыға Түркістан аймағынан алып келгені жайлы көзқарас басым.

Кангал төбеттері – Түркия мен әсіресе Анадолыдағы ең сүйікті жануарлардың бірі. Бүкіл әлемде әйгілі және әртүрлі атаулармен танымал бұл түр Халықаралық төбет туралы ғылым федерациясы тарапынан 'Кангал' деген атпен ерекше тұқым ретінде қабылданды. «Үлкен төбеттер» тобына жататын кангалдар өздерінің үлкен дене бітімдеріне қарамастан өте сүйкімді және сабырлы мінезге ие.

Мал бағу және қорғау тұрғысынан әлемдегі ең табысты төбет нәсілі болып қабылданған Кангал жалғыз Түркияда емес, әлемнің көптеген жерінде қой бағу үшін өсіріледі.



Ұқсас жаңалықтар