Оптикалық томографиялық әдісті бір түрік ғалымның ойлап тапқанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 7

Оптикалық томографиялық әдісті бір түрік ғалымның ойлап тапқанын білетін бе едіңіз?

Жүрекке «аорта-коронарлық шунттау операцияcы» (by-pass) кезеңін аяқтайтын жаңа әдісті бір түрік ғалымның ойлап тапқанын білетін бе едіңіз?

АҚШ-та өмір сүрген түрік ғалымы профессор доктор Мехмет Чилингироғлу мен жұмыс тобы жетілдірген оптикалық томографиялық әдіспен жүрек қан-тамырларындағы бітелулерді науқастың денесін кесусіз емдеуге болады. Оптикалық томографиялық аппарат қан-тамырының ішін егжей-тегжейіне дейін  көруге және инфаркт қаупіне қарсы ертерек диагноз қоюға мүмкіншілік береді.

Дәрігер Чилингироғлу ашқан тағы бір жаңалық нанотехнологиялық әдіс арқылы өзі жетілдірілген бір чип. Аталмыш чип білектегі негізгі тамырдың үстіне дөп келетіндей терінің астына қойылады. Осылайша науқастың қан анализдерінің барлығы, оттегі деңгейі, қандағы қант мөлшері, қан қысымы мен күнделікті жүрек ырғағы тікелей ұялы телефонға жіберіледі.

Профессор Мехмет Чилингироғлуның аурудың диагностикасы және емдеуімен байланысты ашқан маңызды жаңалықтарға қарамастан, ол ауырмай тұрғанда денсаулықты сақтау керектігін баса айтуда. Бұл үшін міндетті түрде темекі шекпеу, «fast food» түрінде тамақтанудан бас тарту, Жерорта теңізі диетасын жасау; міндетті түрде қимыл-әрекет жасап, позитивті ойлауды қабылдау керек дейді.



Ұқсас жаңалықтар