Стамбулдың әлемдегі ең көне қалалардың бірі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 5

1347854
Стамбулдың әлемдегі ең көне қалалардың бірі екенін білетін бе едіңіз?

Стамбулдың әлемдегі ең көне қалалардың бірі екенін білетін бе едіңіз?

 

Екі құрлықта топырағы бар әлемнің жалғыз қаласы – Стамбул. Қаланың әрі Еуропада, әрі Азияда топырағы бар. Бас қала ретінде Рим, Латын, Шығыс Рим және Османлы сияқты көптеген өркениетке қонақжайлық жасаған Стамбул әлемнің де ең көне қалаларының бірі болып саналады.

 

 

Түркияның адам саны тұрғысынан ең үлкен қаласы ретінде Стамбул – әлемнің ең көп тұрғыны бар 5 қаласының бірі. 15 миллионнан астам адам санымен Бельгия, Грекия, Тунис, Португалия сияқты көптеген елдің адам санынан асады. Алайда бұл жағдай тек қана соңғы ғасырмен шектелмейді. Стамбул 1500 жылдарында әлемнің ең көп адам санына ие  қалалары арасында орын алатын. Стамбул әлемнің ең жылдам дамыған туристтік қалаларының және ең жылдам өсетін сауда орталықтарының бірі болып табылады.

 

Стамбулмен байланысты көптеген қала аңыздары бар. Осылардың бірі Галич жайлы... Айтуға қарағанда Галичтің асты алтынға толы болған және жапондар бұл себепті алтындарды алу үшін Галичті тегін тазалауға ат салысқан. 1950 жылдары басталған қалаға көш артқан соң айтыла келген «Стамбулдың тасы топырағы алтын» деген сөз бұл айтудан тараған шығар...



Ұқсас жаңалықтар