Түркияда өсетін сәлбеннің көптеген ауруға пайдалы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? 4

Түркияда өсетін сәлбеннің көптеген ауруға пайдалы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? 4

Сәлбен – отаны Жерорта теңізі елдері болған «Salvia» түрі өсімдіктердің жалпы атауы. Әлем бойынша 900 түрі бар. Түркия флорасында өсетін 97 түрінің 51 данасы эндемикалық өсімдіктерге жатады.

Сәлбен сан-алуан пайдасымен медициналық тұрғыдан керемет бір өсімдік болып табылады. Халық емшілігінде жүздеген жылдан бері суық өту және қорыту ауруларында қолданылады. Құрамындағы антиоксиданттар иммунитетті күшейтіп, хроникалық ауруларға қарсы шыдамдылықты арттырады. Зерттеулерге қарағанда сәлбеннің нашар холестерин деңгейін азайтып, жақсы холестерин деңгейін арттырғанын ортаға қойды. Жүйке аурулары мен санаға болымды ықпалы бар екені белгілі.

Денсаулыққа осыншама пайдалы сәлбен мен өнімдерін ұзақ уақыт және көбірек қолдану денсаулық тұрғысынан қауіп төндіреді. Жүкті және емізетін әйелдердің сәлбен тұтынудан бас тартуы ұсынылады. Диабет немесе холестерин дәрілері қолданушылар сәлбен қолданған кезде абай болғандары жөн.

Сәлбен Түркияда әсіресе өсімдік шәй ретінде қолданылады. Таза сәлбен жапырағы салаттар немесе әртүрлі ет пен балық тағамдарына дәм мен хош иіс деп қосылады. Сәлбен жапырағынан өндірілген хош иіс майы әсіресе дәрі-дәрмек және косметика өнеркәсібінде қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар