Жаңа жыл мерекесі

Бұларды білетін бе едіңіз? - 1

1331732
Жаңа жыл мерекесі

Бұларды білетін бе едіңіз? - 1

Жаңа жыл мерекесінің әлемнің көптеген елінде әртүрлі дәстүр және іс-шаралармен тойланғанын білетін бе едіңіз?

Әртүрлі тұрғыдан жаңа бір бастама мағынасы бар Жаңа жыл мерекесі (Рождества мерекесі) әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі дәстүрмен тойланады. Барлығының ортақ мақсаты болса келген жылдың молшылық пен бақыт әкелуі.

Жаңа жыл мерекесі тарихтағы ең көне демалыс және тойлау іс-шарасы. Алғашқы белгілі Жаңа жыл мерекесі - б.з.д. 4000 жылдары Вавилонда кездеседі. Вавилондықтарда көктемнің басы жаңа жылдың да басы болып қабылданатын.

Григориан күнтізбесімен бірге 1 қаңтар ешбір астрономиялық немесе егіншілік тұрғысынан маңызы болмағанына қарамастан осы күнтізбені пайдаланған мәдениеттер тарапынан Жаңа жыл ретінде тойлана бастады.

Түркияда Григориан күнтізбесі 1925 жылы 26 желтоқсан күні қабылданып, алғаш рет 1926 жылы Жаңа жыл мерекесін тойлау мақсатты Жаңа жыл лотереясы өткізілді. 1935 жылы 1 қаңтар күні ресми демалыс күні болып жарияланған соң, Жаңа жыл түні одан ауқымды демалысқа қоса, мерекелік ортада тойлана бастады.



Ұқсас жаңалықтар