Ататүрікті еске алу апталығы

Бүгін Түркия Республикасының құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден озған күні.

Ататүрікті еске алу апталығы

Чанаккале соғысы кезінде ортаға қойған жетістіктерімен әлемнің назарын аударған Мұстафа Кемал Бірінші Дүниежүзілік соғыста Османлы мемлекеті «жеңілді»  деп есептелген және елді отаршыл мемлекеттер басып алған соң түрік ұлтына жетекшілік жасап, ұлт азаттық соғысқа басшылық жасады.

Осы күрестің табысқа жетуі нәтижесінде Лозаннада қол қойылған Бейбітшілік келісімі нәтижесінде Түркия Республикасы құрылды және Мұстафа Кемал тұңғыш президент болып сайланды. Артынан «Ататүрік» тегін алған көсем басшы жүзеге асырған реформалармен замандас бір қоғамның құрылуына үлкен үлес қосты.

Тағы бір рет дүниеден озуының жылдығында ұлы көсемді құрметпен еске аламыз.



Ұқсас жаңалықтар