Ататүрік "Республика" түсінігін Азаттық соғыс кезінде қалыптастырған

Бұларды білетін бе едіңіз? - 44

Ататүрік "Республика" түсінігін Азаттық соғыс кезінде қалыптастырған

Бұларды білетін бе едіңіз?- 44

Мұстафа Кемал Ататүріктің Түркия Республикасы жарияланған 1923 жылы 29 қазаннан бұрын "Республика" түсінігін қабылдағанын білетін бе едіңіз?

Ерзурум конгресінен үш күн бұрын 1919 жылы 20 шілде күні қасындағы жолдасы Мазхар Муфит мырза: "Ұлттық күресіміз табысқа жеткеннен кейін үкімет түрі қалай болады деп ойлаймыз?" деп сұрайды. 

Мұстафа Кемал:

"Әкімшілік түрі уақыты келген кезде Республика болады" деп жауап береді және жолдасынан шешімнің жасырын қалуын сұрайды.

Мазхар Муфит Кансу осы сұхбатты "Ерзурумнан қайтыс болғанға дейін Ататүрікпен бірге " деген еңбегінде баяндайды.

1923 жылы 29 қазанда Мәжілісте Атазаңның бірінші бабы: "Үстемдік шартсыз түрде ұлтқа тән. Басқару түрі халықтың тағдырын іс-әрекетімен өзі басқаруын негіз етеді. Түркия Мемлекетінің әкімшілік түрі Республика болады" деп өзгертілгенде Ататүріктің төрт жылдың алдында білдірген нысанасы іске асады.

 



Ұқсас жаңалықтар