Қазбасы жүргізілген ең байырғы кемелердің бірі - Улубурун

Бұларды білетін бе едіңіздер? - 41

1286483
Қазбасы жүргізілген ең байырғы кемелердің бірі - Улубурун

Қазбасы жүргізілген ең байырғы кемелердің бірінің 3300 жылдық Улубурун екенін білетін бе едіңіз?

1982 жылы Анталияның Каш ауданының оңтүстік шығысында 44 метр тереңдікте табылған Улубурун батқан кемесі – тарихта қазбасы жүргізілген ең байырғы ашық теңіз кемелерінің бірі.  Қола дәуірге тиісті екені анықталған, Улубурун деп аталған кеме біздің дәуірімізден бұрынғы 14-ғасырдан қалған. Кеме тасыған жүк бақыр, қалайы және шыны бөлшектер, түрлі елдерден келген бұйымдардан тұрады. Археологтардың назарын аударған ең маңызды жәдігер – Мысыр перғауыны Ахенетонның жұбайы Нефертитиге тиісті екені анықталған мөр. Себебі бұл патшайымның бүгінгі күнге жеткен жалғыз алтын мөрі.

Шамамен 45 метр тереңдікте табылған батқан кеме - бүгінге дейін осындай тереңде қазбасы жүргізілген кемелердің бірі. Қалдықтар 44 метр және 52 метр арасында.



Ұқсас жаңалықтар