Бұларды білетін бе едіңіз? - 32

Шанлыурфаның "Пайғамбарлар қаласы" деп аталатынын білетін бе едіңіз?

1246465
Бұларды білетін бе едіңіз? - 32

Оңтүстік Шығыс Анадолының жан саны ең көп қалаларының бірі Шанлыурфаның "Пайғамбарлар қаласы" деп аталатынын білетін бе едіңіз?

Шанлыурфа ескі дәуірлерде құрылған және үш үлкен дінде аты кездесетін пайғамбарлардың осы жерде өмір сүруі себепті "Пайғамбарлар қаласы" деп аталған.

Танымал араб тарихшы Әбул Фараждың айтуынша Шанлыурфа Топан судан кейін жер бетінде құрылған жеті елді мекеннің алғашқысы және ең маңыздысы болған.

Шанлыурфа өңірінде Әзіреті Адамның егіншілікпен айналысқанына, Әзіреті Ибрахим, Әзіреті Айюп, Әзіреті Шуайп, Әзіреті Ильяс, Әзіреті Лут сияқты пайғамбарлардың өмір сүргеніне де сенім күшті. Әзіреті Исаның қол орамалы Шанлыурфадан табылғандықтан христиандар бұл жерді "Дир-Месих" (христос мекені) деп атаған.



Ұқсас жаңалықтар