Каппадокия - Түркияның ең керемет туристік аймақтарының бірі

Түркияда туризм - 2

Каппадокия - Түркияның ең керемет туристік аймақтарының бірі
Каппадокия
Каппадокия

 Сұлу аттар өлкесі - Каппадокия

Каппадокия - Түркияның ең керемет туристік аймақтарының бірі.

Орталық Анадолы аймағында орналасқан Гөреме, Үргүп, Учхисар, Аванос, Деринкуйу, Каймаклы, Ыхлара мен айналасы және Каппадокия аймағы теңдесі жоқ туристік аудандар болып табылады.

Табиғи сұлулығы мен тарихы бір-біріне сіңген Каппадокияның негізі мыңдаған жыл бұрын, Орталық Анадолыдағы таулардан атқыланған лавалармен қалыптасқан. Төгілген лавалар аймақта әртүрлі қаттылыққа ие бір түтік қабаты құрған. Мыңдаған жыл бойынша жауындар, су тасқындары және желдің ықпалымен осы түтік қабаты ойылып, аймақта «Пері мұржалары» деп аталған табиғи керемет пайда болған.

Каппадокия тарих бойынша ассириялықтарға, хеттіктерге, парсыларға қонақжайлық жасаған мекен болған. Бір кезеңдері Рим империясының билігіне өтеді. Аймақта осы өркениеттердің іздерін, тіпті Селшұқ пен Осман империялары кезеңіне тиесілі жәдігерлерді кездестіруге болады.

ЮНЕСКО-ның әрі мәдени, әрі табиғи мұра тізіміне енген Гөреме Ұлттық паркінде керемет Пері мұржаларына қоса, аймақты паналаған христиандардың тұрғын орындарын мен шіркеулерін көруге болады.

Каппадокияның теңдесі жоқ сұлулыққа ие алқаптары, керемет жерасты қалалары, қорғандары, шіркеулері мен мешіттері, шыны ательелері аралайтын орындардың басында келеді.

Тарихқа шолу жасау, айналасы пері мұржаларына толы алқапта серуендеу, тарихтың аяқ ізін қадағалау, әсер алу үшін Каппадокияны саяхат тізбеңізге алып ‘барып көріңіз!’ дейміз.

Есте сақталатын бір тәжірибе бастан кешкіңіз келсе, аймақты көгілдір аспаннан тамашалауға мүмкіндік берген шармен турға шығуды ұсынамыз.

Тағы бір ұсынысымыз болса, тести кәуабы, чөмлек кәуабы (құмырада піскен қәуап), гүл бөреги (гүлге ұқсайтын самса), дүғүн чорбасы (той сорпа) және «Асиде» деп аталған тәттінің дәміне қарамай қайтпаңыз.



Ұқсас жаңалықтар