Олту тасы

Бұларды білетін бе едіңіз? - 29

1234282
Олту тасы

Ерзурумда шығарылатын Олту тасы (Қара інжу)  әлемдегі танымал ең байырғы әшекей бұйымдарының бірі екенін білетін бе едіңіз?

Адамзаттың танымал ең байырғы әшекей бұйымдарының біреуі  Олту тасы (Қара інжу) - Ерзурумның маңызды символдарының бірі және ең сапалы Олту тасы  осы территориядан шығады. Шығарылуы қиын, құны аз, алайда зергерлігі оңай. Олту тасы өңірдің символы болып, аймақтағы жүздеген отбасының тіршілік көзіне айналып отыр. Кен байлығының аз болуы және шығарылуының қиындығы Олту тасының құнын да арттырады.

Топырақтан шыққан кезде өте жұмсақ болғанына қарамастан, ауамен тоғысқанда және өңделгеннен кейін қатаяды. Түсі көбінесе қара, кейде қоңырқай болып келеді, қолданған сайын жарқырайды. Шеберлер мүсінші мұқтияттығымен өңдейді, асыл тастар алқадан сырғаға, жүзікке, темекі құтысына дейін көптеген әшекей бұйымына айналады.  Аталмыш тастан ең көп өндірілетін және танымалы таспиық болып табылады. Олту тасынан жасалған таспиықтардың атағы Түркия тысында да көптеген елге танымал.

Олту тасы зергерлігінің басталуы бұдан 200 жыл бұрынға созылады.

 



Ұқсас жаңалықтар