Мидас және Гордион

Бұларды білетін бе едіңіз? – 28

1234881
Мидас және Гордион

Гордион ежелгі қаласының Анадолыдағы ең байырғы елді мекендердің бірі екенін білетін бе едіңіз?

Гордион ежелгі қаласы  - Анадолының орталық аймақтарындағы назар аударарлық ежелгі қалаларының бірі.

Қаланың тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы 3 мыңыншы жылдарға дейін барады. Анкараға 29 км қашықтықтағы қаладағы қазбаларда көптеген өркениеттің іздері табылды.

Қала біздің дәуірімізден бұрынғы 800-нші жылдары Фригия патшасы Гордиос тарапынан бас қала ретінде жарияланды.  Одан кейін патша болған Мидас кезінде ең жарқын күндерін өткізді. Бүгінгі күні қаланың жарқын кезінен тек үйлердің іргетастары қалса да, ірілі-ұсақты кейбір ғимараттардың қалдықтарын да көруге болады.  Алайда қаланың басты ғимараттарынан басқа назар аударатын нәрсе – Фригия патшалары және асылтектілері көмілген қорғандардың теңдесі жоқ көріністері. Гордион маңында осындай 100-ден астам мазар бар. Ең ірісі Патша Мидас үшін тұрғызылған Мидас қорғаны. Осы қорғандағы мазарға жету үшін 80 метрлік туннельден жүріп өту керек.

Ежелгі қалаға жақын жердегі мұражайда болса тарихи жәдігерлерді көруге мүмкіндік болады.  Айырықша Стамбул Археология мұражайы және Анкара Анадолы өркениеттері мұражайында да Гордионнан шыққан көптеген жәдігерді көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар