Түркия неге S-400 алады?

Проф. Др. Йылмаздың мақаласы

Түркия неге S-400 алады?

Түркия үкіметі S-400 тақырыбында қысымдарға бас имейді

Түркия президенті Ердоғанның 12 маусым күнгі сөзінде «Түркия S-400 қорғаныс жүйесін алады деп айтпаймын, алды.  Біз бұл істі тындырдық. S-400 арзан бағамен қоса бірге өндіру уәдесімен бірге келістік.  Қысқа уақытта келеді.  Сирия дағдарысын S-400 және F-35-тен бөлек ойлай алмаймыз» дей арқылы Түркияның табандылығын көрсетіп берді.

Сол күні Ресей күні мерекелік шарасында Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Алексей Ерхов та Ресейдің S-400 тақырыбында ұстанымының өзгермейтінін,  Түркия мен Ресей техникалық топтарының жұмыстарын жалғастыратынын тілге тиек еткен болатын.

Осы мәлімдемелер аясында Америка Құрама Штаттары және НАТО-дан келген барлық ашық қысымдарға қарамастан Түркия жаңа және маңызды ұстаным көрсетуде.  S-400 жүйесі шілде айында Түркияға жеткізіле бастайды.  Ресей мен Түркия арасында жасалған келісім арқылы S-400 жүйесі тек Түркия билік құрған жерлерде қолданылады. Осы бапқа сай соңғы кезде күн тәртібіне жиі келген Түркия алып, үшінші бір елге сатады деген талас та жарамсыз.  Бірақ Түркия Америка Құрама Штаттарымен дағдарыс асқынса,  осы жүйені өзінің базасы бар Солтүстік Кипр Түрік Республикасына да құру құқығына ие болуы мүмкін.

 Түркия S-400 жүйесін қорғаныс қаруы ретінде алады

Түркияның әуе қорғаныс жүйесіне деген мұқтаждық бір жылдық мәселе емес.  Соңғы он жылдан бері мұны қамдау үшін жұмыстануда. Ал Түркия неге S-400 алуға мұқтаж болды­? Себебі Түркия НАТО одақтасы Америка Құрама Штаттарының Patriot зымыран қорғаныс жүйесін алу сұранысына оң жауап қайтармағаннан кейін басқа баламаларға бұрылды.  Ресейдің тиімді ұсынысын қарастырды және S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуға шешім берді. Бірақ қазіргі үрдісте S-400 әскери жүйе болудан қалып,  Америка Құрама Штаттары оны саяси мәселеге айналдырды.

АҚШ сыртқы істер министрлігі Түркия Ресейден егер S-400 әуе қорғаныс жүйесін алса,  түрлі санкциялар жүргізетінін айтып,  қорқытуда. Тіпті соңғы рет Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрінің уәкілі Шанахан Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акарға хат жазып, санкциялар туралы айтты. Сонымен бірге Түркияны қорқытты. Америка Құрама Штаттарының осы ұстанысы одақтастыққа да,  дипломатияға да қайшы.

Түркия S400 жүйелерін шабуылдаушы қару ретінде алмайды.  Себебі S400 қорғаныс қаруы.  Түркияға шабуылдауды жоспарламаған бір елдің осыған мазасызданбауы керек. Америка Құрама Штаттары S400 жүйесіне қарсы шыққан кезде нарыққа жаңа шыққан F-35 бомбалаушы ұшақтарының жүйесін қолға түсіретінін және НАТО-ға сәйкес еместігін айтып, сын тағуда.  Бірақ Түркия ортақ бір комиссия құрып,  осы тақырыптардың тексерілуін, егер АҚШ-тың талаптары орынды болса бұдан бастартатынын айтса да,  Америка Құрама Штаттары мұны да қабылдамай отыр.

Түркия сатып алатын S400 қорғаныс жүйесі басқа бір жүйемен жұмыс істейтіндіктен, бақылау толығымен Түркияның қолында болатындықтан, F-35 ұшақтарының мәліметтерінің Ресейдің қолына түсуі мүмкін емес.

Америка Құрама Штаттары террорлық ұйымдармен қарым-қатынастары арқылы Түркияға деген одақтастық құқығын елемей отыр

АҚШ Конгресінен өткен жылы шыққан «Америка жауларына санкция арқылы күрес заңы (CAATSA) Түркияға жүзеге асырылса,  АҚШ тұрғысынан болғаны секілді бүкіл әлемге әсер ететін аймақтық іс болмақ.  НАТО және Еуропаның Қаратеңіз, Жерорта теңізі, шығыс Еуропа,  Балқан, Таяу Шығыс секілді территорияларда Түркиясыз саясаты әрі қымбатқа түседі,  әрі шешімсіз болады.

Америка Құрама Штаттары Түркияны «S400 жүйесін сатып алып,  одақтық құқықты бұзды» деп айыптайды.  Бірақ өзі бір одақтас ретінде Түркия неше жылдан бері сұрап келген Патриот әуе жүйесін бермегені туралы тіс жармайды.  Айырықша 2016 жылғы 15 шілде күні Түркияда төңкеріс әрекетіне қатысқан, 200 адамның өліміне, 2 мың адамның жарақат алуына себеп болған Фетуллахшы террор ұйымының лидеріне пана болуды, террор ұйымы мүшелерінің Америкада тұруын елемей, өзі одақтастық құқығын таптап отыр. Сонымен бірге 1980-2019 жылдар арасында Түркияда 40 мың адамның өліміне себеп болған, мыңдаған адамды баспанасыз тастаған PKK-PYD террорлық ұйымымен Сирияның солтүстігінде ынтымақтастық жасап,  мыңдаған көлік толған қару бергені туралы айтпайды.

Америка Құрама Штаттары бүкіл әлемді қорқыту арқылы халықаралық құқықты елемей отыр.

Америка Құрама Штаттары одақтастық құқығын тек өз мүддесі болғанда ғана күн тәртібіне келтіреді.  Сонымен бірге Германияға Солтүстік Ағын-2 табиғи газ желісін сала алмайсың деген кезде,  Еуропаға менен рұқсат алмай өз армияңды құра алмайсың деген кезде,  Әлемдік сауда ұйымының қағидаларын аяққа таптап,  әлем елдерін қорқытқан кезде осы одақтастық рух есіне де түспейді.

Түркияның аймақтық қауіпсіздік рикстеріне қарамастан көп уақыттан бері әуе қорғаныс жүйесін іздеуін НАТО одақтастары елемеді,  бұл да Түркияны Ресейден S-400 жүйесін сатып алуға мәжбүр қылды деуге болады.

Америка Құрама Штаттарының өз мүддесін ойлап,  Ресей, Солтүстік Корея, Иран, Қытай және Венесуэладан кейін Түркияға бір жақты санкция қабылдауға дайындалуы Еуропа елдерінің де енді АҚШ-тың бір жақты шешімдеріне үнсіз қалмауы кезеңін бастатуы мүмкін. Егер Еуропа елдері осы жағдайға да үнсіз қалатын болса,  Түркиясыз әрі өз қауіпсіздіктеріне қауіп төнеді,  әрі Америка Құрама Штаттарының бір жақты саясатты бір күн келіп оларға да әсер етеді.

Түркия НАТО-ның ең маңызды мүшесі ретінде өзінің жауапкершіліктерін орындады

Америка Құрама Штаттары мен Еуропа алдымен Түркияның S-400 шешімінің ешбір елге қарсы шешім екенін түсінуі керек.  Әлемнің дағдарыс болып жатқан аймақтарында көптеген мәселе болып жатқан кезде,  қорғаныс мақсатымен сатып алынған бір қаруды қауіп деп есептесе,  әлем қоғамдарын көндіре алмайды. Түркия көптеген жылдан бері Ауғанстан,  Косово, Қаратеңіз, Сирия,  Босния секілді елдерде НАТО-ның белсенді мүшесі болып қызмет атқарды. АҚШ осы саясаты арқылы Түркияны шеттетіп, жалғыз қалдырғысы келсе мұны тындыра алмайды, бұл түрік қоғамының наразылығына себеп болады.  тіпті Түркия қорғаныс өнеркәсібінің шетелден алынатын мұқтаждықтарын Ресей және Қытайдан алуы мүмкін.  АҚШ санкциялары арқылы туындайтын бостықты саяси, экономикалық немесе әскери тұрғыдан басқа елдердің толтыруы Америка Құрама Штаттарының Түркиядан толығымен айрылып қалуына жол ашады.

Түркияның S400 шешімін егемендік негізіне шоғырлана отырып түсінуге болады. түркия әуе қорғаныс қажеттіліктерін ең ыңғайлы жүйе және ең ыңғайлы сатушымен шешуді таңдады.  Америка Құрама Штаттары үкіметі Патриотты сатпағандықтан Түркия жаңа бір сатушы ізденісін бастады.  Бұл табиғи нәрсе.

Америка Құрама Штаттары үкіметі жоғарыда аты алған заңды себеп қылып көрсетіп,  Түркияға саяси және әскери санкциялар жүргізуі мүмкін.  Бұлардың экономикалық нәтижелері болады.  Бірақ осы санкциялар орта және ұзын мерзімде Түркияның іс-қимылдарын олар қалайтындай қылып өзгертпейді.  Түрік қоғамы тарихтан бері орындыны қолдап,  езілгендердің жанында болды,  демократияға сенеді.  АҚШ Түркияға жаза беру арқылы түзетемін деп ойласа,  бұл керісінше нәтиже беруі мүмкін.

Мықты елдер әлсіз деп есептелген елдерді езіп немесе қорқыту арқыла осы әлемге бейбітшілік орната алмайтындарын түсінген күні бүкіл әлемге тынықтық орнайды.

Ресей зерттеулері институты төрағасы,  Анкара Йылдырым Беязыт Университеті оқытушысы Проф. Др. Салих Йылмаздың мақаласы

 



Ұқсас жаңалықтар