Изник фаянсының әлемде сирек кездесетін керамика түрі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 22

1210085
Изник фаянсының әлемде сирек кездесетін керамика түрі екенін білетін бе едіңіз?

Бүгінгі күні көптеген сәулеттік ғимаратты безеп тұрған және Еуропаның көптеген мұражайларында орын алған Изник фаянсының әлемде сирек кездесетін керамика түрі екенін білетін бе едіңіз?

Бурсаның Изник ауданы Османлы кезінде көптеген керамикалық өнім орталықтарының бірі болатын.  Османлы мемлекеті кезінде түрік көркем өнерлерінің ең маңызды түрінің бірі болған Түркия тысында да атағы шыққан керамика өнерінің тарихы 15-ғасырға дейін барады.

Изник фаянсын басқа фаянстардан ажырататын ең маңызды ерекшелігі – қамырының құрамына араластырылған, сол кезде жасалған фрит деп аталған шыны түрі. Фрит 85 пайыз кварц және Изниктен шығатын ерекше балшықпен бірге араластырылады. Изник фаянсының басқа бір екершілігі де нақыштары.  Фаянстағы нақыштарда көрініс тап сол күйі суреттелмеген,  көлденең және тік күйінде сызылған. Айырықша қолданылған түстер сырдың астында қалған.

Изник фаянсын бүгінгі күні Османлы дәуірінде салынған сарайлар,  мешіттер және мазалардан басқа мұражай және жеке коллекцияларда көруге болады. 2018 жылы Ұлыбританияның атақты аукцион үйінде 15-ғасырдың Изник фаянсынан жасалған бір табақ 5,4 миллион фунт стерлингке сатылды.



Ұқсас жаңалықтар