Наполеонның түрік локумын ұнатқанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 16

Наполеонның түрік локумын ұнатқанын білетін бе едіңіз?

Түрік локумының әлемге танымал екенін,  Наполеон, Уинстон Черчилль және Пикассоның түріктің осы тәттісін ұнатқан атақты тұлғалар арасында екенін білетін бе едіңіз?

Локум – су, қант, крахмал қолданылып дайындалатын дәстүрлі түрік тәттісі. Осыманлы тілінде «тамаққа жайлы, рақаттандыратын» деген сөзден келетіні айтылады. 15-ғасырдан бері Анадолыда кең тараған.  Әсіресе 17-ші ғасырда Османлы Империясы террориясына танымал болған локумды бір ағылшын жиһангез 18-ғасырда 'Turkish Delight' деген есіммен Еуропаға таныстырды. Локум бұрындары бал немесе бекмезбен жасалатын.  Артынан өңделген қант және крахмал табылғаннан кейін дайындалу әдісі де, дәмі де өзгерген.

Уинстон Черчилль мен Напалеон секілді әлемге танымал лидерлер де локумды қатты ұнатқан. Ал атақты суретші Пикассо болса оны «зейіннің шоғырлануын арттыратын» тағам ретінде таңдаған.

Бүгінгі таңда локумның көптеген түрі бар.



Ұқсас жаңалықтар