Чаталхөйүк неолитикалық аймағы

Түркияда бұрынғы дәуірлерден қалған көптеген орындар бар.

Чаталхөйүк неолитикалық аймағы
Чаталхөйүк неолитикалық аймағы
Чаталхөйүк неолитикалық аймағы

Түркияда бұрынғы дәуірлерден қалған көптеген орындар бар. Чаталхөйүк неолитикалық аймағы – осылардың бірі.

Түркияда бұрынғы дәуірлерден қалған көптеген орындар бар. Чаталхөйүк неолитикалық аймағы – осылардың бірі.

Чаталхөйүк 9 мың 500 жылдық тарихи кезеңде адамзаттың әрі әлеуметтік, әрі мәдени дамудың ірі дәлелдер ұсынады. Осы аймақ егіншілік қоғамына және отырықшыл тіршілікке өтуге куәлік еткен теңдесі жоқ археологиялық бір алаң …

Орталық Анадолыда Кония қаласының Чумра ауданына 11 шақырым қашықтықта орын алған Чаталхөйүк адамзаттың алғашқы елді мекендерінің бірі ретінде қабылданады және археологиялық мағлұматтарға қарағанда шамамен 8 мың адамның өмір сүргені болжалады. Жақсы сақталған бір неолитикалықикалық тұрғын аймағының сирек кезесетін бір мысалы ретінде ежелгі қала атын шығыс және батыс бағыттарында орын алған екі қорғаннан (Хөйүк) алады. Барлық осы ерекшеліктерге орай 2012 жылы ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне енген.

Қорғандар зілзала мен соғыстар нәтижесінде үйінділердің бір-бірі үстіне қалануынан құралған.

Осы себепті әртүрлі кезеңдерге тиесілі көптеген археологиялық қалдықтар болған алаңдар бар.

Чаталхөйүктегі шығыс пен батыс қорғандары әртүрлі биіктікте  екі төбеден тұрады.

Шығыс қорғандағы қазба жұмыстары нәтижесінде 18 неолитикалық қабат ортаға шығарылған. Б.з.б. 7000 жылдары болып белгіленген қабаттарда отырықшы тұрмыс көрсеткен көптеген үйінді және мағлұматқа қол жеткізілді. Сәулет және қол өнері туындылары орын алған маңызды бір мұрағат құралған.

Батыс қорғанының болса б.з.б. 6000 жылдарына тиесілі және халколит дәуірге тән ерекшеліктері бар көрінеді. Осы қорған да шығыс қорғанның алғашқы дәуірлерде байқалған мәдени құрылымын жалғастырған секілді…

Шамамен 14 гектарлық бір алаңда орналасқан қорғандар 2000 жылдан астам бір уақыттан бері тұрғын орталығы ретінде қолданылған.

Чаталхөйүктегі үйлердің өлшемі мен тұрғын тәртіптері, қоғамдық және тепетеңдік көзқарасқа негізделген ерте бір қала мәдениеті мысалын көрсетеді. Үйлердің ең белгілі ерекшелігі бірдей биіктікте және ішіне шатырға ашылған бір тесіктен баспалдақпен кіруге болатындығы. Үйлер бір-біріне тығыз салынған себебі жанұялық қарым-қатынастардың мықты болуы және адамдардың коллективті бір салтты таңдауы.

Қабырғаларда геометрикалық символдар, жұлдыздар, гүл оюлары, аң, би, бұқа, киік және қошқар суреттері салынған.

Чаталхөйүк неолитикалық қаласында үйлердің аралас болып салынғаны себепті көшелер жоқ. Сондықтан адамдар жүру үшін шатырларды қолданады.

Қазба жұмыстары нәтижесінде Чаталхөйүкке алғашқы қоныстанғандардың аңшы бір қоғам екені кейіннен ауылшаруашылыққа бастағандары байқалады. Бидай, тары, бұршақ сол дәуірде өндірілген алғашқы өнімдер болып табылады. Егіншілікке қоса мал шаруашылығымен де шұғылданған. Сиыр мен қойды қолға үйрете бастаған.

Шығыс қорғанында жасалған қазба жұмыстарында көптеген Ана тәңір мүсіндер табылған. Пісірілген қыштан, мәрмәрден немесе ақтастан ойылған мүсіндердің бойлары 5 пен 15 сантиметр арасында өзгереді.

Чаталхөйүкте археологиялық қазба жұмыстар қазір де жалғасуда.

Мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген адамдардың үйлерін, қаласын қызығып аралағысы келгендерге кейбір ұсыныстарымыз болмақ. Анадолының бұл өте бай тарихи болмысына ие қаладағы мұражайларды, мешіттерді, керуенсарайларды, әсіресе Мәулананың мұражайын аралаңыз. Әйгілі қолдан тоқылған өнімдерден алып, Конияның керемет дәмдерін татпай қайтпаңыз...



Ұқсас жаңалықтар