Түркияның достық көпірлері-13

«Түркия стипендиясы» атты жобасымен байланысты жалғасты мағлұмат береміз.

1173313
Түркияның достық көпірлері-13

 

 Осы аптадағы бағдарламамызда Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының «Түркия стипендиясы» атты жобасымен байланысты жалғасты мағлұмат береміз. Бағдарламамыздың осы бөлімінде стипендиялардың көлемі және түрлеріне тоқталып, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы жайлы тақырыпты доғарамыз.

 Стипендиямен байланысты егжей-тегжейлі мағлұматтар

         Cтипендияға нелер қамтылады?

         1. Айлық тұрмыстық пұл

                   Бакалавриаттар үшін айына 700 Түрік лирасы

                   Магистратуралар үшін айына 950 Түрік лирасы

                   Докторантуралар үшін айына 1400 Түрік лирасы

                   Зерттеулер үшін айына 3000 Түрік лирасы

         Түрік тілін үйрену жазғы бағдарламасы үшін айына 500 Түрік лирасы

Мемлекеттік қызметкерлер және зиялылар үшін түрік тілінде сөйлесу бағдарламасы үшін айына 2000 Түрік лирасы

  • Зерттеу стипендиялары тек айлық тұрмыстық пұлдан ғана тұрады.
  • Түрік тілі жазғы курс бағдарламасы да: айлық тұрмыстық пұл, жатақхана, медициналық сақтандыру, әлеуметтік және мәдени қимылдарды қамтиды.
  • Мемлекеттік қызметкерлер және зиялылар үшін түрік тілінде сөйлесу, жатақхана, жол қатынас шығындары, әлеуметтік және мәдени қимылдарды қамтиды.

Бакалавриат, магистратура стипендиялары ішінде  айлық тұрмыстық пұл қамтылады.  

2. Студент пұлы

3. Бір реткі келіп-қайту ұшақ билеті

4. Медициналық сақтандыру

5. Жатақхана

6. Бір жылдық түрік тілі сабағы да қамтылуда.

Стипендиялардың берілуі мерзімі төмендегідей:

  • Бакалавриат деңгейінде: 1 жылдық түрік тілі сабағы+4-6 жылдық стипендиясы(бағдарламаның қалыпты мерзіміне байланысты )
  • Магистратура деңгейінде: 1 жылдық түрік тілі сабағы+2 жылдық стипендия
  • Докторантура деңгейінде: 1 жылдық түрік тілі сабағы+4 жылдық стипендия
  • Зерттеу деңгейінде: 3-12 айлық стипендия
  • Түрік тілі жазғы курс бағдарламасы: 2 айлық стипендия
  • Мемлекеттік қызметкерлері және зиялылар үшін түрік тілінде сөйлесу бағдарламасы: : 8-10 стипендия

Бакалавриат стипендиялары

Бакалавриат стипендия бағдарламасы бакалавриатқа өтініш бергендер  үшін арнайы дайындалған бір бағдарлама. Инженерліктен медицина ғылымдарына, жаратылыстану ғалымдарынан әлеуметтік ғылымдарға дейін белгіленген. Түрлі тақырып және сабаққа қызыққандар осы бағдарламаны таңдауына болады. Қазіргі бөлім және университеттерді көргіңіз келсе, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының интернет сайтына қараңыз.

Магистратура стипендиялары

Түркияның әйгілі университеттерінде әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, табиғат ғылымдары және инженерлік салаларында магистратура және докторантура деңгейінде түрлі бағдарлама ұсынылуда. Қазіргі бөлім және университеттерді көргіңіз келсе, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының интернет сайтына қараңыз.



Ұқсас жаңалықтар