Түркияның достық көпірлері-12

«Түркия стипендиясы» атты жобасымен байланысты жалғасты мағлұмат береміз.

1168882
Түркияның достық көпірлері-12

 

            

Осы аптадағы бағдарламамызда да Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының «Түркия стипендиясы» атты жобасымен байланысты жалғасты мағлұмат береміз. Бағдарламамыздың осы бөлімінде стипендиялардан пайдаланатын студенттердің қандай таңдаудан өтетіндері және қандай критериялар бойынша таңдау жасайтыны жайлы  сөз қозғаймыз.

         Студенттердің таңдалуы

   Таңдау процесі: Түркия стипендиялары үшін берілген өтініштер, үміткердің мектеп бітіру балдарына, сабақ тысындағы қимылдарға және басқа мамандық қабілеттеріне қарай таңдау жасалады.

1. Алдыңғы таңдау

Барлық үміткерлер жалпы емтихан нәтижелері, жасы, қажетті құжаттар сынды критериялар арқылы тексеру жасалады.

2. Соңғы іріктеу

Таңдалған үміткерлердің өтініштері, сабақ барысында жинаған ұпайлары, қабілеттері, ғылыми бағыттары, ұстанған нысаналары, таңдауының үйлесімі, таныстыру хатының мазмұны және әлеуметтік қимылдарға қатысуы сынды бірқатар критериялар арқылы Мамандардан құралған комиссия тарапынан мұқият тексеріледі. Осы сатыдан кейін бетпе-бет сұхбат  емтихан процесі үшін үміткерлердің соңғы тізімі жасалады.

3. Бетпе-бет сұхбат емтиханы

    100-ден астам елден таңдалып, соңғы тізімге алынған үміткерлер ғалым және мамандардан құралған бетпе-бет сұхбат емтихан комитеттері тарапынан бағалаудан өткізіледі.

 4. Таңдау

     Бетпе-бет сұхбат комитеттері тарапынан үміткер ретінде білгіленген студенттердің бетпе-бет сұхбат емтихан нәтижелері, бір таңдау комитеті тарапынан бағалаудан өткізіледі және стипендия алатын студенттердің тізімдері белгіленеді.

      Таңдау критериялары:

      Таңдаулы үміткерлер өз елдерінде өткізілетін бетпе-бет сұхбат емтиханға шақырылады. Кейбір жағдайда үміткерлермен интернет немесе телефон арқылы сұхбат емтихан алынады. Бетпе-бет сұхбат емтихан комитеті негізінен кем дегенде бір Түркия стипендиялары өкілі және түрік университеттерінен келген бір ғалымнан құралады.

      Жалпы алғанда 15-30 минут жалғасатын бетпе-бет сұхбат емтихан төменде белгіленген формат арқылы жүзеге асырылады: а: Қарсы алу және кіру. ә:Құжаттардың тексерілуі. б: Үміткерлердің өтінішінің мақсатының аңғарылуы. в: Ғылыми білімдері және алға қойған мақсаттары. г: Аяқталуы және үміткер тарапынан комитетке сұрақ сұраулары.



Ұқсас жаңалықтар