Түркияның достық көпірлері-11
«Түркия стипендиясына» байланысты сұрақтарға жауап
Өткен апта Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының маңызды жұмыстары арасында орын алған «Түркия стипендиясы» бағдарламасына байланысты кейбір мағлұматтар берген едік. Осы бөлімде де стипендияға кімдер өтініш бере алады, қандай құжаттар дайындалуы керек және осы стипендияға нелер қамтылады деген сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Қажетті құжаттар:
Интернет арқылы жасалатын өтініштер үшін барлық үміткерлердің төмендегі құжаттарды тапсырулары керек.
Жеке куәлік
Жеке төлқұжат
Үміткердің таяуда түскен бір суреті
Емтихан нәтижелері(бар болса)
Диплом немесе мектеп бітіру құжаты
Сабақ барысында жинаған ұпайлары
Мектеп бітіру балдары (таңдалған бағдарлама қадағаланса GRE, GMAT сынды )
Тіл сабақтарының балдары (таңдалған бағдарлама қадағаланса)
Зерттеу тақырып ұсынысы және істеген еңбектерге тән жазбаша мақала үлгісі (тек докторант өтініштері үшін )
Стипендияны кімдер ұтып ала алады?
«Түркия стипендиясы» барлық елдердің азаматтарына ашық
Стипендия үшін қажетті ғылыми деңгейі:
Бакалавриаттардың өтініштері үшін %70
Медициналық ғылымдардан (Медицина, тіс дәрігерлігі және дәріханалық ) өтініштері үшін %90
Магистратура және докторантуралардың өтініштері үшін %75
«Түркия стипендиясына» өтініш беру үшін төмендегі критериялардың орындалуы керек:
Бакалавриат бағдарламасы үшін 21 жастан төмен болу
Магистратура бағдарламасы үшін 30 жастан төмен болу
Докторантура бағдарламасы үшін 35 жастан төмен болу
Зерттеу бағдарламасы үшін 45 жастан төмен болу
Cтипендияға нелер қамтылады?
1. Айлық тұрмыстық пұл
Бакалавриаттар үшін айына 700 Түрік лирасы
Магистратуралар үшін айына 950 Түрік лирасы
Докторантуралар үшін айына 1400 Түрік лирасы
Зерттеулер үшін айына 3000 Түрік лирасы
Түрік тілін үйрену жазғы бағдарламасы үшін айына 500 Түрік лирасы
Мемлекеттік қызметкерлер және зиялылар үшін түрік тілінде сөйлесу бағдарламасы үшін айына 2000 Түрік лирасы
2. Білім алу ақысы
3. Бір реткі келіп-қайту ұшақ билеті.
4. Жатақхана
5. Бір айлық түрік тілі курсы