Түркияның достық көпірлері-10

«Түркия стипендиясы» бағдарламасынан сөз қозғаймыз.

1159837
Түркияның достық көпірлері-10

 

 

«Түркияның достық көпірлері» атты бағдарламамызда Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасын жалғасты таныстырамыз. Бүгінгі бөлімімізде  басқарманың маңызды жұмыстары ішінде  «Түркия стипендиясы» бағдарламасынан сөз қозғаймыз.

«Түркия стипендиясы» әлемнің түрлі аймақтарындағы табысты студенттерге Түркияның ең үздік университетінде ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді бағдарламаларынан пайдаланулары үшін берілген, сондай-ақ мемлекет тарапынан қолдау жасалған бәсекелі бір стипендия бағдарламасы болып табылады.

«Түркия стипендиясының» мақсаты: өзін әрі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастығын, әрі де қауымдар арасындағы ортақ түсінігін күшейтуге арнаған, сондай-ақ болашақтың лидерлерін жетілдіру және осы лидерлерді қамтыған бір селбесу көпірін құру.

«Түркия стипендиясы» жоғарғы оқу орнының әр сатысындағы табысты халықаралық студенттерге білім алу стипендиясын берумен қатар осы студенттердің университеттерге кіруіне дайындалу және орналастыру процестерін де қамтуда.

«Түркия стипендиясына» өтініш беру кезеңдері Түркия стипендияларының ресми интернет сайты арқылы түрік тілі, араб тілі, ағылшын тілі, француз тілі, орыс тілі, босния тілі, парсы тілі және испан тілдерінде хабарландырылады.

Қазірдің өзінде 16 мыңнан астам жастарға стипендия мүмкіндігі берілсе, әр жылы мөлшермен 5 мың жасқа жаңа стипендия берілуде. Биылғы өтініштерге қарағанымызда 167 елден 145 мың 700 өтінішпен рекорд жаңалағанын көрудеміз.

Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде болған стипендияларға Түркия Республикасы азаматы емес жастар  да өтініш бере алатындай өтініш университетке орналастыру процесін де қамтуда.

Өтініш берген жастарға 12 университеттің біреуін таңдау құқығын беруде.



Ұқсас жаңалықтар