Түркияның достық көпірлері-6

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасынан сөз қозғаймыз.

1141564
Түркияның достық көпірлері-6

 

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы және Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА сынды әлем бойынша көптеген елдер мен аймақтарда түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларға қолтаңбасын басқан ұйымдарымыздан сөз қозғаған «Түркияның достық көпірлері» атты бағдарламамыздың алдыңғы төрт бөлімінде Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ны қысқаша таныстырған едік. Енді осы аптадан бастап, барша әлемде достық көпірлерін құрған Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасынан сөз қозғаймыз.

 

2010 жылы 6 сәуірде құрылған Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы шетелдегі түрік азаматтарымыз, ағайын қауымдастықтарымыз және Түркияда білім алып жатқан халықаралық стипендиат студенттерімізге бағытталған жұмыстарды координация ету, осы алаңдарда көрсеткен қызметтерді және жасалған жұмыстарды дамыту міндетін атқарады.

 

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы көп жұмыстар жасауда. Бұл басқарма әрі шетелде өмір сүрген азаматтарымызбен, әрі ағайын қауымдастықтармен қарым-қатынастарды күшейтуде. Сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және мәдени саласындағы байланыстарды орнатуда. Түркиядан стипендия алған студенттеріміз болса, әлемнің түкпір-түкпіріндегі достық елшілеріміз болуда.

 



Ұқсас жаңалықтар