Іс-әрекет бағдарламаларында қорғаныс өнеркәсібі

Таркан Зенгиннің мақаласы

1111331
Іс-әрекет бағдарламаларында қорғаныс өнеркәсібі

Түркияда 2018 жылдың 24 маусым күні әрі депутаттық сайлау,  әрі президенттік сайлау болып өткен еді. Бұдан бұрын 2017 жылдың 16 сәуір күні болған Атазаңға өзгеріс енгізу референдумында қабылданған бойынша «Президенттік үкімет жүйесі» жүзеге асқан болатын.  Жаңа жүйеге орай мемлекеттік органдардың көбісіне өзгерістер енгізілді.  Кейбір министрліктер бірлестірілді, кейбір органдар тікелей Президенттің аппаратына қосылды.  Кейбір органдар болса жабылды.  Осы аяда Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігінің аты Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы болып ауысты және тікелей Президенттік аппаратқа қосылды. Осы арада жаңа жүйеде Президенттік аппарат «100 күндік іс бағдарламасы» арқылы министрліктер мен органдардың мақсаттарын жариялай бастады. 2018 жылдың 3 тамыз күні «бірінші 100 күндік іс бағдарламасы» жарияланып,  400 іс-әрекет жоспары нысанаға алынған еді.  Алғашқы 100 күндік бағдарламада мақсат етілген жоспарлар едәуір орындалды.

 Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализін ұсынамыз.

**

Түркияда қорғаныс саласындағы мақсаттарды Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы атқарады.  Алғашқы бағдарламада нысанаға алынған 400 іс жоспарында қорғаныс өнеркәсібі 48 мақсатпен алғашқы орында болатын. 2018 жылдың 13 желтоқсан күні жарияланған «екінші 100 күндік бағдарламада» 24 миллиардтық 454 іс жоспары орын алды. Алғашқы іс жоспарында болғаны секілді екінші іс жоспарында да қорғаныс өнеркәсібі істері 52 шарамен алғашқы орында.  Жоспардың таныстыру жиынында президент Режеп Тайып Ердоған қатысушыларға бір сюрприз жасады. Ол отандық тікұшақты таныстырды.  Отандық және ұлттық мүмкіндіктермен жасалған T625 жалпы мақсаттағы тікұшақ сахнада орнын алды. Президент Ердоған «Сіздерге тосын сый жасаймыз. Пердені ашамыз.  Перденің артында не бар екен? Отандық тікұшақ – Гөкбей. 14 адам сыйымдылығы. Аспанның мырзасы болады, құдай қаласа. 2021 жылы жаппай өндірісі басталады» деді.

 

100 күндік 52 қорғаныс жоспары

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшылығында және 100 күндік қысқа уақытта жүзеге асырылуы мақсат еткен 52 іс бар.  Бұларды тізіп жазудың өзі осы мақаламызға сыймайды.  Сондықтан мақсаттардың арасындағы ең маңыздыларын атап айталық.

T129 Атак тікұшағы Түрік Қарулы күштерінің шабуыл тікұшағы мұқтаждығын жою мақсатында ұлттық мүмкіндік және қабілеттермен жетілдірілді.  Әлемде өз сыныбында ең ықпалды шабуыл тікұшағы болып саналады. Осы тікұшақтың 30 данасының Пәкістанға сатылуы жайлы келісімге 2018 жылдың шілде айында қол қойылған болатын.  Өткен жылы отандық тікұшақтарға отандық мотор өндірілуі тақырыбында жобалар басталды.  Осы аяда 100 күндік жоспар шеңберінде «жетілдірілген Атак жобасы келісіміне қол қою», «Атак Шабуыл және тактикалық барлау тікұшағы жобасы» аясында екі дана тікұшақ тапсырылуы және «Атак және оригинал тікұшақтар үшін жетілдірілген мотор компрессоры,  газ генераторы,  күш трибунасы секілді төменгі жүйелерінің конфигурациясы және атқарушылардың анықталуы» орын алуда.

 Сауытты көліктер және танктарға байланысты мақсаттар

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы бүгінгі күнгі мұқтаждықтарына жауап берген замандас отандық танкты өндіру үшін жақын уақытта маңызды қадам басқан болатын. Үстіміздегі жылдың 9 қараша күні Алтай танкының жаппай өндірісі үшін келісімге қол қойылған еді.  Келісім аясында жаппай өндіріс желісінің құрылуы және 250 дана Алтай танкының өндірілуі келісім арқылы нақтыланды.  Алғашқы танктың Құрлық күштері қолбасшылығына 18 айдан кейін тапсырылуы жоспарланды.  Осы шеңберде 100 күндік бағдарламада «Алтай жаппай өндіріс жобасы аясында күш тобын да қосқанда маңызды төменгі жүйе қондырғыларының келісімдерінің қол қойылуы» орын алды. Бағдарламада айырықша «FIRAT-M60T» жобасы аясында 7 дана танктың модернизациясымен бірге M60TM санының 146-ға жеткізілуі, «Сауытты көліктерде қолдану үшін жетілдірілген Отандық күш тобы Утку жобасы аясында трансмиссия дизайндарының аяқталуы», «Арнайы мақсатты тактикалық сауытты көліктер жобасы келісімі», «Сауытты көлік жобалары аясында түрлі типтерде барлығы 255 көлік тапсыру» көзделіп отыр.  Терроризммен күресте маңызды ықпалы болатын арнайы мақсатты тактикалық сауытты көліктердің көптеп тапсырылатын болуы қауіпсіздік күштерінің күш-қуатын арттырады.

Ұшқышсыз әуе аппараттары,  Жүргізушісіз құрлық көліктері және жасанды интеллект

Әлемде ұшқышсыз әуе көліктерін өндіретін алты елдің бірі – Түркия.  Түркия да 100 күндік бағдарлама шеңберінде қосымша бес дана Тактикалық Ұшқышсыз әуе көліктері мен қосымша екі дана Оперативтік Ұшқышсыз әуе аппараттарын тапсыруды мақсат етуде. Іс жоспары бағдарламасында орын алған мақсаттарға қарағанымызда,  қорғаныс өнеркәсібі технологиясында қаншалықты маңызды деңгейге келгеніміз анық көрінеді.  Екінші 100 күндік бағдарламадағы жоғары технологиялық кейбір мақсаттар мыналар:

- 125 дана мылтық типті Дрон/Мини ұшқышсыз әуе аппараттары араластырғыш жүйелерінің тапсырылуы және Қауіпсіздік бас дирекциясына көлік және сөмке типті араластырғыш жүйелерінің тапсырылуы жобасы келісіміне қол қою

- EYP-лердің жоғары күшті микро толқын технологиясымен анықталуын және жойылуын қамдайтын Электроникалық EYP системасын анықтау және зиянсыз күйге келтіру жобасының келісіміне қол қою

- Жеңіл және орта сыныпта басталған жүргізушісіз құрлық көліктері жобасының дизайн кезеңі мен алаңдағы сынақтары жалғастырылып,  тапсырудың басталуы

- Ауыр сыныпта басталған жүргізушісіз құрлық көліктері жобасының тендерге шығарылуы,  қолдағы мүмкіндік және қабілеттер аясында қолданушы анализдерінің алынуы мақсатымен сынақ жүргізілуі

- Жасанды интеллект және роботтық технологиялардың жетілдірілуі аясында 117 SAGA өтінімінің қаралуы және келісімге қол қою

- Ұшқышсыз әуе аппараттары технологиясын жетілдіру және қойылым жобасының басталуы

Қазіргі таңда өте дамыған елдер істей алатын қорғаныс өнімдерін Түркия енді өзінің ұлттық мүмкіндіктерімен жасайтын деңгейге жетті.  Қорғаныс өнеркәсібі нысаналары сан жағынан іс-әрекет бағдарламаларында алғы орында келеді.  Бағдарламаны таныстыру жиынында отандық тікұшақтың президент тарапынан таныстырылуы да президенттің қорғаныс өнеркәсібіне бөлген көңілін көрсетеді.  Түркия аймақтық және жаһандық рисктерге қарсы қорғаныс өнеркәсібінде маңызды жетістіктерге жетуін жалғастырады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар