Қорғаныс өнеркәсібінде маңызды бастамалар

Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализі

1093766
Қорғаныс өнеркәсібінде маңызды бастамалар

Түркия қорғаныс өнеркәсібінде маңызды бастамалар кезекпен келуде. Ай сайын өте маңызды жобалардың кейбірінің табысқа жеткенін,  кейбір қорғаныс өнімдерінің сынақтарының сәттілікпен өткенін,  кейбір маңызды жобаларға қолтаңба басылғанын көріп біліп отырмыз. Қараша айының алғашқы он күнінде де көптеген қорғаныс жобасына куә болдық. 1 қараша күні президент Ердоғанның басшылығында TÜBİTAK SAGE әскери тұмсық рельсті жүйе (HABRAS) сынағы, PULAT жоюшы жүйенің сынағы және Сәуле жобасының сынақтары табыспен жүргізілді. Президент Режеп Тайып Ердоған осы сынақтар жүргізілген Ұлттық Технологияларды жетілдіру инфрақұрылымының беташарында қорғаныс өнеркәсібі жайлы бірқатар сүйінші хабар жеткізді. 4 қараша күні MİLGEM жобасы аясында өндірілген корветтердің үшіншісі TCG Burgazada F-513 кемесі Теңіз Күштеріне тапсырылды. 8 қараша күні Қорғаныс Өнеркәсібі басқармасы еліміздің ұлттық өнімі – Ұлттық әскери ұшақ үшін Оригинал мотор жетілдіру бағдарламасы келісіміне қол қойып, отандық шабуылдаушы ұшақ моторын өндіру процесін бастады. 9 қараша күні болса біріншісі 18 айдан кейін тапсырылған Алтай танкының 250 данасының жаппай өндірісіне байланысты келісімге қол қойылды.  Қысқа уақыт ішінде жүзеге асқан осы істер Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі әлеуетінің қаншалықты үлкен екенін анық көрсетеді.

HABRAS, PULAT, Сәуле жобасы және  SİPER

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлттық Технологияларды жетілдіру инфрақұлымының беташарына қатысып,  көптеген сынақтың сәтті өтуіне куәгер болды.  Сонымен бірге осында маңызды бірқатар сүйінші хабар берді.  Президент Ердоған сөйлеген сөзінде: «Бүгін осында бір бірінен маңызды ұлттық технологиялық инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын сынау үшін жиналдық. Маңызды дизайндардың,  тәжірибелердің және қаражаттың елде қалуын қамдаймыз.  HABRAS жобасының арқасында қорғаныс өнеркәсібі санаулы елдің қолында бар ерекшелікке ие болады.  Осы отандық  құрылымның өнімдерінің бірі PULAT  - белсенді қорғаныс жүйесі.  Осы технология қарулы күштеріміздің өміршең маңыздағы жасақтарының бірі танкты жасақтар үшін өте маңызды. Қорғаныс өнеркәсібінің және отандық технологияның басқа бір оригинал өнімі болса – өте мықты лазер жүйесі  - Сәуле жобасы. Бірінші сынақтардан сүрінбей өткен жүйе алдымыздағы кезеңде әуе көліктерінде және кемелерде қолданылады» деді.

Президент Ердоған сөйлеген сөзінде Ұлттық алыс қашықтықты аймақтық әуе қорғаныс жүйесінің қалыптастырылуы жөніндегі жұмыстардың басталғанын сүйіншіледі.  SİPER деп аталатын осы өнім 2021 жылы армияға тапсырылатынын айтты.

Жаңа типтегі сүңгуір Aydınreis өндірісі басталды

MİLGEM жобасы аясында Түркияның алғашқы отандық соғыс кемелері мемлекеттік кәсіпорын – Стамбул кеме жасау зауыды қолбасшылығында жасалған болатын.  Осы кемелердің үшіншісі TCG Burgazada F-513 кемесі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да қатысқан рәсімде 4 қараша күні Теңіз Күштеріне тапсырылды. Ұзындығы 99,5 метр, ені 14,4 метр кеменің салмағы – 2 мың 400 тонна. Кеменің жылдамдығы 6 мың 485 км. Кеме ешбір қосымша көмексіз он күн бойы теңізде жүзе алады. Бургазада корветі су үсті шайқас, әуе қорғаныс шайқасы, барлау бақылау,  басқару және ассиметриялық қорғаныс шайқасын атқара алады.

Аталмыш корвет Теңіз Күштеріне тапсырылған кезде президент Режеп Тайып Ердоған осында салынатын Жаңа типтегі сүңгуір Айдынреистің де өндірісін бастап берді.  Жаңа типтегі сүңгуір жағармай алмастан мұхит асып,  Америкаға барып қайта келетін ерекшелікте болады.  Айырықша үнсіз жүзу қабілетімен Түрік Теңіз Күштерінің әскери ықпалдығына маңызды үлес қосары сөзсіз. Сүңгуірдің ұзындығы 68 метр,  биіктігі 13 метр және салмағы мың 850 тонна болмақ.

Ұлттық әскери ұшақ оригинал мотор жетілдіру бағдарламасы

Баршаға мәлім,  отандық өнеркәсіп өнімдері көп қолданылатын елімізде оригинал дизайнмен Ұлттық Әскери ұшақ жобасы жалғасып жатыр.  Жоба арқылы Әуе Күштері қолбасшылығының 2030 жылдардан кейінгі әскери ұшақ мұқтаждығын отандық өнімдермен қамдау үшін жұмыс жүргізілуде. Енді осы ұшаққа отандық мотор жетілдіру үшін Қорғаныс өнеркәсібі басқармасында Ұлттық Әскери ұшақ оригинал мотор жетілдіру бағдарламасының келісіміне қол қойылды. 8 қараша күні қол қойылған келісім аясында оригинал турбофан шабуылдаушы әскери ұшақтың моторын жасап шығару үрдісі басталды. Осылайша Ұлттық Әскери ұшақтың моторының отандық болуы және толығымен оригинал болуы мақсат етілді. Жобаның түбегейлі мақсаты – оригинал мотордың шетелдік ешбір елдің шектеуіне ұшырамауы. Мотордың отандық мүмкіндіктермен жетілдірілуі және авторлық құқығының да Түркияға тиісті болуы нысанаға алынды.

Алтай танкының жаппай өндірісі

Түркия Құрлық күштерінің бүгінгі күнгі мұқтаждықтарына жауап беретін бір отандық танктың болуы үшін көптен бері жұмыс жүргізілуде болатын.  Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы 9 қараша күні Алтай танкының жаппай өндірілуі үшін келісімге қол қойды. Келісім аясында жаппай өндіріс желісінің құрылуы және 250 дана Алтай танкының өндірілуіне шешім берілді.  Алғашқы танктың Құрлық күштеріне 18 айдан кейін тапсырылуы жоспарланды.

Алтай деп аталған отандық танктың кейбір ерекшеліктері мынадай: Түркияның тұңғыш отандық шабуылдаушы танкы болып саналатын Алтайдың атыс күші пен дәлдігі жоғары болады. Жетілген қозғалыс қабілетімен де Түрік Қарулы күштерінің шайқас алаңдарындағы ең маңызды көліктерінің бірі болады. Алтай танкында түрлі қауіп-қатерге қарсы танк қорғау үшін жобаланған модулдік композит сауыттар мен экипаждың химиялық, биологиялық, радиоактивтік және ядролық рисктер болатын жерлерде міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көмекші жүйелері орын алады.



Ұқсас жаңалықтар